Доңыздың жүрегін салған адамның өлу себебі анықталды дейді.
Жаңа технология; жүрек алмастыру; доңыз жүрегі
Доңыздың жүрегін салған адамның өлу себебі анықталды дейді.
Осы жылдың басында Америкалық Давид Беннет (David Bennett) есімді науқасқа шошқа жүрегін салған еді. Бұл Әлемде бірінші рет адамға жануардың жүрегінің салынуы (трансплантация) болатын, операция өте сәтті өткен. Басқа басқа емес жүрекке донор табылмайды, сондықтан жүрек ауыстыруы қажет науқастарға өте қиын. Егер жануардың жүрегін адамға орната алсақ онда ол проблема шешілгелі тұр. Сондықтан ғалымдар ұзақ жылдар бойы зерттеп тұңғыш рет адамға шошқаның жүрегін сәтті орнатқан болатын.
Шошқа жүрегін адамға салуға дайындау кезі.
Доңыз жүрегімен өмір сүріп жүрген кездегі науқас Давид Беннет бен сол отаны жасаған дәрігер Бартлей Гриффид
Бірақ өкінішке орай сол науқас тек 40 күн өмір сүріп, соңынан қайтыс болды.
Бірақ ғалымдар сонда да үміт үзбеді. Ол науқастың өлу себебін зерттеді.
Сол Давид Беннетке доңыздың жүрегін сәтті орнатқан Мәриләнд Университетінің ғалымы Бартлей Гриффид (Bartley Griffith of the University of Maryland School of Medicine) науқастың өлу себебін зерттеп нәтижесін осы айдың басында яғни мамырдың 4-і күні жариялады.
Зерттеу нәтижесі бойынша операция өте сәтті болған. Бірақ сол адамға орнатқан шошқа жүрегінде жануарларда әсіресе доңызда кең таралған porcine cytomegalovirus вирусы себеп болған дейді.
Тағы бір қызығы осы доңыздың (шошқаның) шыққан жері. Негізі бұндай жануарларды тек органдарын сату мақсатында арнаулы компания бағады екен. Сондықтан арнаулы компаниядан шыққан (орган сату үшін) бұндай жануарларда ешқандай ауру болуы мүмкін емес екен. Себебі олар күн сайын емес, сағат сайын тексеруден өтеді екен.
Сондықтан науқасқа орнатылған шошқа жүрегінің тазалығына сеніп тек ғана генетикалық өзгертулер жасаған екен.
Ғалымдардың (Бартлей Гриффидтің) айтуы бойынша егер ол адамның өлуіне аталған вирус себеп болған болса оны жою оңай. Қысқасы жақын болашақта адамға жануардың жүрегін алмастыра алатын күнге жетеміз деп сеніммен айтып отыр.