Кванттық компьютердің дәуірі басталды

Кванттық компьютердің дәуірі басталды
Калифорния университеті мен Google компаниясының ғалымдары жаңа кванттық компютерді жарыққа шығарды. Бұл тұралы әйгілі NATURE журналының 23.10.2019 ж. 574 санында жазды.
Бұл кванттық компютердің жылдамдығы, қабылеті өте жоғары болып оның 3 минут 20 секундта шығарған есебін қазіргі ең жылдам деген компютердің өзі 10,000 жылда шығара алады екен. Немесе бір осындай кванттық компютердің жұмысын жасау үшін әдеттегі 100,000 компютерді жалғап қою керек екен.
Ал осы кванттық компьютердің жады 250 миллион гегабайт екен.
Төменде осы кванттық компьютердің суреті және чипі. Байқасаңыздар көлемі бір үйді алып жатыр. Ең алғашқы жәй компьютерде осындай бір ғимараттай болған еді, ал қазір кішкене болғандығы соншалықты тіпті адамның қалтасына сиып кетедіғой. Дегенмен ең алғашқы компютердің жасалуы компютер заманының келгендігін көрсетті.
Дәл сол сияқты бұл кванттық компьютердің жарыққа шығуы адамзаттың кванттық компьютер заманына қадам басқанын көрсетеді.