Жасанды сәби жасайтын компания пайда болды.

Жасанды сәби жасайтын компания пайда болды.

Сұмдық жаңалық!!!

 

Қытай ғалымдарының жаңалықтарын жазатын ең үлкен China Science сайты Әлемдегі ең алғаш болып жасанды жолмен нәрестелер жасайтын компаниясын жариялады. Компания аты EctoLife деп аталады. EctoLife компаниясының жылына 30 000 нәресте жасауға мүмкіндігі бар екен. Сайттың хабарлауынша бұл Қытай ғалымдарының 50 жылдық зерттеу нәтижесінің жетістігі деп мақтанып отыр.

Сәбилер осы жерде жасалады екен. Ортасындағы екі реактор туралы төменде бар.

Компанияда 640 дана бала өндіру құрылғысы бар дейді. 

Бұл компания баланың түр түрін жасай алады. Барлық жасай алатын сәбилердің мүмкіндіктерін МЕНЮ қылып жазып қойған. Егер сізге қандай да бір бала керек болса көрсетілген менюден қарап таңдап тапсырыс бере салсаңыз болды қалаған сәбиді жасата аласыз, дейді.

Сәбидің түсін, бойын, шашының түсін, физикалық күшін, ақылын таңдай аласыз. Сіз қалағандай жасап береміз дейді. 

Тапсырыс берген соң үйде телефонда орнатылған қосымша арқылы сәбиіңіздің өсу барысын көре аласыз. 

Телефон қосымшасы арқылы сәбиіңізге ән, күй тыңдата аласыз. Немесе өзіңіз жанды дауыспен ән айтып берсеңізде болады. Сәбиіңіз сіздің дауысыңызға таныс бола береді дейді. 

Зауодтың ортасында турған мына екі био реактор сәбиге қажетті азықтарды жеткізіп тұрады екен. Ол барлық пайдалы заттармен толтырылған дейді. 

Егер қаласаңыз компания үйге арналған шағын көлемді бала жасау апаратын да орнатып береді екен. Өз үйіңізде отырып алып ақ сәбиді бақылап отырасыз дейді.

Копмания жарнамасының айтуынша енді әйелдердің қиналып бала табу дәуірі бітті дейді. Қандай бала керек болсада тапсырыспен жасай береді екен. 

Айтпақша компания өзін Ютуп та толық таныстырған екен. Керек болса көрсеңіздер болады. https://www.youtube.com/watch?v=O2RIvJ1U7RE 

Бұған дейінгі жазған жаңалықтарымыздың бірінде Қытай ғалымдарының болашақ туылатын баланың генін өзгертіп, өз қалағанындай бала жасай алатынын жазған болатынбыз. Ол жаңалық бойынша Қытай ғалымдары балада болатын тұқым қуалау ауруларын алып тастай алады екен. Сонымен бірге ауруға қарсылық қуаты мықты балаларды жасай алатынын жазған. Тек ол емес, олар тіпті болашақ баланың түрін де өзгертіп өз қалауы бойынша әдемі сәбилерді жасай алатынын жазған едік. Адамның генін өзгертуге байланысты ғылыми мақалаларды Қытай ғалымдары 2015 жылдан бастап жариялай бастаған. Осы саланың білгірі АҚШ та білім алған қытайлық әйгілі ғалым He Jiankui 2019 жылы сотталғанын да жазған едік (https://www.science.org/content/article/chinese-scientist-who-produced-genetically-altered-babies-sentenced-3-years-jail). Профессор He Jiankui 2019 жылы екі сәбидің генін өзгертіп жасаған тәжірибесі үшін “Ғылыми этиканы бұзды” деп айыпталып 3 жылға сотталған еді. Дегенмен He Jiankui әлемде алғаш рет бала туылмастан оның генін өзгертіп “жасанды” баланы әлемде ең алғаш пайда қылған ғалым ретінде тарихта қалған.

 

Соңында айтарымыз, шегіртке әншілер мен сауатсыз блогерлерге еліктемей ғылым үйреніңіздер. Ең болмағанда әлемді өзгерту үшін емес, зиянды ғылымнан қорғану үшін тағы да ғылым мен білім керек. Қазіргі ғылымның даму қарқынына қарасақ болашақта білімі жоқ адам зиянды ғылымның құрбаны болып қалатын түрі бар. Сондықтан тағы да айтам ғылым жасап әлемді өзгерте алмасаңыз да өз ұрпақтарыңызды қорғау үшін тағы да ғылым керек.