"Қартаюға қарсы дәрумендер мен қоректік заттардың, рейтингісі" деген мақаланың жалғасы. 

"Қартаюға қарсы дәрумендер мен қоректік заттардың, рейтингісі" деген мақаланың жалғасы. 

Бұл мақала өткен жолғы "Қартаюға қарсы дәрумендер мен қоректік заттардың, рейтингісі" деген мақаланың жалғасы. 

Өткен жолғы мақала мына сілтемеде:

http://www.gylym.kz/%D2%9Aartayu%D2%93a-%D2%9Barsi-d%D3%99rumender-men-%D2%9Borekt%D1%96k-zattardi%D2%A3-reyting%D1%96s%D1%96 

  1. D витамині

D дәрумені де ұзақ өмір сүруге және қартаюға байланысты ауруларды азайтуға мүмкіндік беретін күшті витамин болып табылады. Зерттеулерге негізделгенде D дәрумені теріні ультракүлгін сәулелерден қорғау арқылы ерте қартаюдың алдын алуда тиімді екенін көрсетті. Ультракүлгін сәулелері теріге әжімдер түсіретін ең көп себептердің бірі.  

А дәрумен ге бай тағамдар. 

D дәруменге бай тағамдар

  1. Е дәрумені

Жоғарыда айтылған A және D дәрумені сияқты Е дәрумені де қартаюға қарсы тура алатын дәрумен болып саналады. Е дәрумені ең алдымен денеміздің иммунитетін көтеру үшін қажет. Сонымен бірге Е дәрумені теріні әжімдер мен сызықтардан қорғап қана қоймай, сонымен қатар коллаген өндірісін арттырады. Коллагенннің не екенін алдынғы постта жазған болатынбыз.

Сөйтіп, Е дәрумені денеде коллаген өндірісін арттырып, терінің жаңа жасушаларының өсуін тездетеді. Яғни теріні жаңартады. Е дәрумені денеңізге де, теріңізге де пайдалы. Оның жүрек ауруы қаупін азайтатыны және ойлау қабілетін арттыратыны дәлелденген.

Жалпы қартаюға қарсы тура алатын 8 түрлі заттың ішінде осы жоғарыда баяндалған 3 витамин бар.

Е дәруменге бай тағамдар

  1. Ресвератрол

Коллаген, А, D, E дәруменінен соң осы зат тұрады. Ресвератрол бұл күшті антиоксидант қартаюға қарсы ең күшті қоректік заттардың бірі. Сонымен бірге, Ресвератрол теріні ультракүлгін сәуленің әсерінен ерте қартаюдан қорғайтыны анықталды. Ресвератрол өмір сүру ұзақтығын ұзартады.

Ресвератрол жүзім, таңқурай және қарақат сияқты  қызыл немесе қызыл қоңыр түстегі жемістерде көп болады.  

Ресвератрол ге бай тағамдар

  1. Мырыш (Zn)

Мырыш - қызыл қан жасушаларында кездесетін маңызды микроэлемент және адам ағзасындағы көптеген маңызды рөлдерге қатысады, бірақ біздің денеміз мырышты табиғи түрде шығармайды. Осыған байланысты біз мырышты тағамнан немесе қоспалар арқылы алуымыз керек.

 Бізге мырыш көп нәрсе үшін қажет, соның ішінде ақуыздарды синтездеу (жаңалау), иммундық жүйемізді күшейту үшін аса маңызды. Бірақ мырыш сонымен қатар қартаюға қарсы күресте де ең маңызды элементтің бірі болып саналады. Зерттеулерге негізделгенде, мырыш жетіспеушілігі қартаю процесін жылдамдататыны анықталған, сонымен бірге мырыш инфекциялардың қаупін айтарлықтай төмендетеді екен.

Құрамында мырыш (Zinc) көп тағамдар

Мырыш сонымен қатар ерлер мен әйелдер үшін қартаюдың негізгі бөлігі болып табылатын шаш түсуден қорғауда маңызды рөл атқарады. Мырыш шаш ұлпасының өсуі мен жаңалануында маңызды рөл атқарады.

Осындай ерекшеліктерінің арқасында мырыш қартаюға қарсы тұра алатын заттар рейтингісінде 6-ші орын алып отыр.

 

  1. Куркумин

Куркума өсімдігінің тамырында табылған куркуминнің таным мен есте сақтау қабілетінің жақсаруына әкелетіні анықталды және қазір Альцгеймер ауруын емдеудің ықтимал әдісі ретінде зерттелуде. Қартаюдың әртүрлі себептері бар, ал куркумин олардың көптеген түрлеріне оң әсер ететіні анықталған.

Куркума деген осы екен. 

 

  1. Селен (Se)

Селен - бұл Е дәрумені тапшылығын болдырмайтын микроэлементтер. Е дәруменінің қартаюға қарсы рөлін жоғарыда айттық. Селенді тағамнан немесе дәрілік қоспалар арқылы алуға болады. Жаңа зерттеулер селеннің қартаюмен күресуде маңызды рөл атқара алатынын көрсетеді, әсіресе қатерлі ісіктер мен жүрек-тамыр аурулары сияқты аурулардың алдын алуға көмектесе алады.

Селенге бай тағамдар. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Zasada, Malwina et al: “Retinoids: active molecules influencing skin structure formation in cosmetic and dermatological treatments”, August 30 2019, ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC6791161/
  2. “Vitamin A and Carotenoids”, May 11 2022, ods.od.nih.gov/factsheets/VitaminA-Consumer
  3. Meehan, Meghan et al: “The Role of Vitamin D in the Aging Adult”, December 2014, ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC4399494/
  4. Reichrath, Jörg: “Unraveling of hidden secrets: The role of vitamin D in skin aging”, July 1 2012, ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC3583884/
  5. Mark, Karla A. et al: “Vitamin D Promotes Protein Homeostasis and Longevity via the Stress Response Pathway Genes skn-1, ire-1, and xbp-1”, October 25 2016, pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/27783938/
  6. Meydani, Nikbin Simin et al: “Perspective: Should Vitamin E Recommendations for Older Adults Be Increased?”, August 11 2018, ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC6140432/
  7. Schagen, Silke K. et al: “Discovering the link between nutrition and skin aging”, July 1 2012, ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC3583891/
  8. Emami, Mohammed Reza et al: “Effect of vitamin E supplementation on blood pressure: a systematic review and meta-analysis”, July 2019, pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/30846828/
  9. Li Juan et al: “A comparative study of anti-aging properties and mechanism: resveratrol and caloric restriction”, September 12 2017, ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC5630366/
  10. Prasad, Ananda S.: “Discovery of Human Zinc Deficiency: Its Impact on Human Health and Disease”, March 6 2013, ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC3649098/
  11. Morse, Robert: “Curcumin’s Anti-Aging Properties”, October 2021, lifeextension.com/magazine/2021/ss/curcumin-anti-aging
  12. Cai, Zhonglin et al: “Selenium, aging and aging-related diseases”, August 2019, pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/30511318/
  13. Cai, Zhonglin et al: “Selenium, aging and aging-related diseases”, August 2019, pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/30511318/