Сиыр етін жеуді 20% азайтсақ орманның жойлуын 50% азайта аламыз дейді ғалымдар.

Сиыр еті; орманның жойлуы.

Сиыр етін жеуді 20% азайтсақ орманның жойлуын 50% азайта аламыз дейді ғалымдар.

Алдағы 30 жыл ішінде дүниежүзілік сиыр етін тұтынудың бар болғаны 20%-ын ет алмастырғышпен (жасанды етпен) алмастыру ормандардың кесілуін және онымен байланысты көміртегі шығарындыларын екі есе азайтуы мүмкін.

Сиыр еті шаруашылығы бүкіл әлем бойынша ормандарды кесудің басты қозғаушы күші болып табылады, ал сиыр еті үшін өсірілген ірі қара – көмірқышқыл газына қарағанда күшті парниктік газ болып табылатын метанның негізгі көзі. Сиыр етін ет баламаларымен ауыстыру азық-түлік өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін ізін азайтуы мүмкін - дейді ғалымдар.

Микопротеиннен жасалған тауық еті.  

Алдыңғы зерттеулер сиыр етін микопротеин деп аталатын етсіз баламамен (саңрау құлақтың бір түрі) ауыстыру қоршаған ортаға пайдалы әсер етуі мүмкін екенін көрсетті. Топырақта өсетін саңырауқұлақты глюкозамен және басқа қоректік заттармен ашыту арқылы болат резервуарларда өндірілген микопротеин 1980 жылдары Ұлыбританияда Quorn брендімен алғаш рет шыққан және қазір көптеген елдерде оңай, қол жетімді ет алмастырғыш ретінде пайдаланыла бастады.  

2050 жылға қарай әлемдегі жан басына шаққандағы сиыр етін тұтынудың 20%-ын микопротеинмен алмастыру метан шығарындыларын 11%-ға қысқартады және жылдық ормандарды кесу мен онымен байланысты шығарындыларды екі есе азайтады.  Бір адамға тұтынылатын сиыр етінің 50%-ын микопротеинге ауыстыру ормандардың жойылуын және көмірқышқыл газының шығарындыларын 80%-дан астам қысқартады, ал сиыр етінің 80%-ын микопротеинмен алмастыру орманның жоғалуының 90%-ға жуығын жояды.