Қартаюға қарсы дәрумендер мен қоректік заттардың, рейтингісі

Қартаюға қарсы дәрумендер мен қоректік заттардың, рейтингісі

Бұл мақалада соңғы жылдардағы әлемдегі әйгілі ғалымдардың зерттеу қортындысынан алынған, қартаюға қарсы тұра алатын 8 түрлі затты таныстырамыз.

 

Қартаюға қарсы күресте адамдар, әсіресе әйелдер қауымы көбінде өте бағалы кремдердің көмегіне жүгінеді. Косметикалық заттар тек терінің ғана қартаю көрінісін бәсеңдетуі мүмкін болғанымен, олар сіздің денеңізде (ішкі ағзада) болып жатқан қартаюға қарсы тұра алмайды. Тіпті кейбір жасартатын кремдер терінің ішкі бөлігіне де сіңбейді. Сондықтан тек теріні ғана өңдеп жас болам деу мүмкін емес. Бірақ зерттеулер көрсеткендей, витаминдер қартаю процесін бәсеңдетудің негізі екені анықталды.

 

Дегенмен, қартаюға қарсы әрекетке келгенде барлық витаминдер бірдей емес. Кейбір дәрумендер басқаларға қарағанда қартаюға қарсы күресуде әлдеқайда күшті. Міне, сондықтан бұл мақалада сол зерттеу нәтижелерін жинақтап ең тиімді дәрумендердің тізімін береміз.

 

  1. Коллаген

Коллагенді - қартаюға қарсы күрестің патшасы деп атайды екен осы салада жүрген ғалымдар. Коллаген адам денесінде ең көп тараған ақуыз (белок) болып табылады. Коллаген бұлшық етте де, теріде де көп таралған. Ол өзі өте жіңішке жіп сияқты болып, денедегі заттарды (молекула) тартып берік ұстап тұрады екен. Жастың ұлғайюына байланысты коллагеннің денеде жасалуыда азайып, ет бен теріні берік ұстауға (созып тұруға) саны аз болғандықтан шамасы жетпей қалады екен. Сөйтіп, қартайған сайын бұлшық еттер босап терілер салбырап әжім түсетіні сондықтан екен.

Сондықтан қосымша Коллаген қоспаларды тұтыну терінің серпімділігін жақсартып, әжімдерді азайтатыны дәлелденген. Бірақ оны да шекті мөлшерден асырмай тұтыну керек екенін ұмытпаңыз.

 

 

  1. А дәрумені

А дәрумені – коллагеннен кейін екінші орында, витаминдердің ішінде бірінші орында тұратын, қартаюға қарсы зат. Бұл витамин қартаюдың ішкі және сыртқы әсерлерін баяулатады.

Өкінішке орай А дәрумені біздің денемізде табиғи түрде өндірілмейді, яғни оны осы витаминге бай тағамдарды жеу немесе оны қосымша дәрілік қоспалар қабылдау қажет.

А дәруменінен алынған третиноин коллаген өндірісін арттырып, әжімдерді азайтатыны дәлелденген. Ол мұны терінің ішкі қабатындағы коллагенді ыдырататын ферменттерге кедергі жасап, оның орнына жаңа коллагеннің пайда болуына ықпал етеді.

Қалған 6 витаминмен минерал заттарды келесі жолы жазамыз. Себебі көп болып кетеді оқуға. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Goodwill, Alicia M. et al: “A Systematic Review and Meta-Analysis of The Effect of Low Vitamin D on Cognition”, October 2017, pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/28758188/
  2. Hoffman, Richard: “Micronutrient deficiencies in the elderly – could ready meals be part of the solution?”, January 12 2017, ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC5465850/
  3. Lupu, Mihaela-Adi et al: “Beneficial effects of food supplements based on hydrolyzed collagen for skin care (Review)”, July 2020, ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC7271718/
  4. Bolke, Liana et al: “A Collagen Supplement Improves Skin Hydration, Elasticity, Roughness, and Density: Results of a Randomized, Placebo-Controlled, Blind Study”, October 17 2019, ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC6835901/
  5. Zasada, Malwina et al: “Retinoids: active molecules influencing skin structure formation in cosmetic and dermatological treatments”, August 30 2019, ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC6791161/
  6. “Vitamin A and Carotenoids”, May 11 2022, ods.od.nih.gov/factsheets/VitaminA-Consumer