Әлем ұстазы (Global Teacher Prize) 2021

Әлем ұстазы (Global Teacher Prize) 2021

Әлем ұстазы (Global Teacher Prize) 2021
Әлем ұстазы (Global Teacher Prize) 2021 сыйлығын Америкалық қара қыз алды.
Кейшия Торпе (Keishia Thorpe) Әлем ұстазы 2021 сыйлығын ұтып алды.
Оның негізгі еңбегі иммигрант оқушыларға сабақ өтудің жолын (әдісін) тауып, жүздеген иммигрант оқушыларды әлемнің әр түрлі үздік оқу орындарына түсіру болып табылады.
Кейшия Торпе дайындаған оқушылар тек бір оқу жылының өзінде 6.7 миллион доллар сыйлық ақы ұтып алып, әлемдегі 11университте білім алады екен.
Өзі де кезінде Жамайкадан (Ямайка) иммигрант болып АҚШ ға келіп, мың бір жапамен оқуға түскен бұл қыз, сол оқып жүрген кезінің өзінде ақ иммигрант балаларға тегін сабақ өтеді екен. Оқуын тауысқан соң мұғалім болып жұмысқа орналасып, жалғасты оқытыпты.
Иммигрант оқушылардың басқа оқушылармен тең дәрежеде білім алуын армандаған бұл ұстаз, өзінің егіз әпкесі Трейша Топе (Treisha Thorpe) мен бірге қайрымдылық қорын ашып, сол арқылы иммигрант оқушыларға көмек көрсетіп келген.
Сол еңбегін ескерген қазылар алқасы 121 мемлекеттен келген 8000 мұғалімнің ішінен Кейшия Торпені үздік деп таныпты.
Әлем ұстазы сыйлығының жүлде қоры 1 миллион доллар болып, мұғалімдердің Нобел сыйлығы деген аты бар.
Өткен жылғы 1 миллион долларды алған яғни Әлем ұстазы 2020, Ранжишинх Дисаел (Ranjitsinh Disale) деген Үндістандық ұстаз “Кедей қыстақтардағы оқу мүмкіндігі жоқ қыздарды оқытқаны үшін” алған еді.
Айтпақшы, осы жылғы Әлем ұстазы 2021 конкурсының алғашқы 50 финалистіне Қазақстандық Асхат Жұмабеков деген физика пәнінің мұғалімі енген еді.