Әйгілі ғалым Маря Кюридің ең көп қаралауға ұшыраған сәттері.

Әйгілі ғалым Маря Кюридің ең көп қаралауға ұшыраған сәттері.

Маря Кюри – ол ғалым ғана емес сонымен бірге ол ғылымдағы басқа әйелдерге жол ашқан адам. Қазірге дейін екі түрлі жаратылыстық саладан (физика мен химиядан)  екі Нобел сыйлығын алған жалғыз адам. Сонымен бірге отбасымен (жолдасы Пиер),  қызы Айрен мен күйеу баласы Фредерик Жолио-Кюри Нобель сыйлығын әлемдегі жалғыз отбасы. Бұлар Нобел отбасы деген атпен тарихта қалған тұлғалар.

Оның кәсіби өмірі жарқырап тұрғанымен, Маридің жеке өмірінде түріктің сериялындай қиын тұстары көп болды.

Оның күйеуі Пиер Кюри 1906 ат арбаға соғылып мезгілсіз қаза табады.

 

1910 жылдың қарашасы, Маря Кюри өзін Франция ғылым академиясындағы физиктің жалғыз бос орынына үміткер ретінде ұсынады. Даудың басы осыдан басталады. Ол кезде Франция ғылым академиясы тарихында әйел адам мүше (академик) болмаған екен. Ол кезде діннің ықпалының күшті кезі, ол жағы да бар әрине. Сосын ол жалғыз бос орын, бос орын болмай оған тағы бір Эдуард Бранли (Edouard Branly) атты ғалым да тапсырыпты.

Эдуард Бранли деген осы кісі

Эдуард Бранли сымсыз телеграфияға үлес қосқан ғалым. Итальяндық Гуглиемо Маркони 1909 жылы осы саладағы жұмысы үшін физика бойынша Нобел сыйлығымен марапатталғанда, көптеген француз патриоттары Бранлидің шеттетілуіне ренжіп қалған еді. Енді міне Франция ғылым академиясына да Маря Кюри мен бәсекелесуге тура келіп тұр.

 

Бранлидің Академияға өтінішін көптеген француз католиктері де қолдады, себебі Бранли Рим Папасының құрметіне бөлген адам екен. Бұл жылдары француз саясаты діншіл католиктер мен Маря және оның достары сияқты еркін ойшылдар арасында қатты екіге бөлінеді екен.

Сөйтіп бәсеке басталғанда баспасөздерде Маря Кюри туралы өсектер кетіп жатты.  Оның нағыз француз емес, еврей екені және Франция академиясында орын алуға лайық емес екендігі туралы ақпараттар тарап жатты. Ақыры 1911 жылы 23 қаңтарда өткен сайлауда Бранли жеңіске жетті. Мария Кюри жеңілгенімен қоймай таралған ақпараттардан зардап та шекті.

 

Суретте сол кездегі Excelsior газетінде шыққан Мария Кюриді қаралаған мақаласы. Олар онда Маря Кюридің жазуы өте нашар екенін, және оның бет пішініне тисіп, онда француз әйелдеріне тән сұлулықтың жоқ екенін жазған мақаласы.

 

Одан да сорақы жанжал 1911 жыл болды. 38 жасында жесір қалған әйелдің қайтадан ғашық болуы ғажаптанарлық жағыдай емес қой. Күйеуі Пиер Кюридің шәкірті болып жүрген Пол Лангевин (Paul Langevin) деген Маря Кюриден 5 жас кіші жігіт Маря Кюри ге ғашық болып жүреді. Екеу ара жап-жақсы махаббат болып, хат алысып тұрады. Бірақ Лангевин үйленген, отбасылы, 4 баласы бар адам еді. Хаттарында Маря Кюри егер толық заңды түрде ажырассаң саған тұрмысқа шығам деп жазған екен. Бірақ Пол Лангевиннің бірден ажырасуға батылы жетпей жүріп қалады.

 

 Сол күзде Кюри, Лангевин және тағы 20-ға жуық үздік физиктер Брюссельде өткен әйгілі Солуей халықаралық конференциясына шақырту алады. Әлемдегі ең үздік ғалымдар жиналып физиканың болашағын талқылайды.

Оң жақтағы бірінші адам Paul Langevin, Ейнштейннің қасындағы. 

Дәл осы кезде Лангевиннің жасырын сандығын ақтарған оның жұбайы Кюри мен Лангевин арасындағы махаббат хаттарды (немесе олардың негізінде өзі жазған жалған хаттарды) БАҚ өкілдеріне таратып жібереді. Ал сонымен хайп іздеп таппай жүрген басылымдарға бұл деген таптырмас орай ғой. Бүкіл Францияда Маря Кюри мен Лангевиннің арасындағы хаттарды таратпаған баспа қалмайды. Маря Кюриді еврей салдақы, үй бұзар, бұзақы, тіпті одан зорғысы .... айтпағаны қалмайды.

 

Конференциядан (Белгияда) Францияға қайтып келгенде,  бір топ ұлтшыл содырлардың оның үйін қоршап алғанын көреді.   Үйде 14 жасар Айрен мен 7 жасар Еваны атты қызы бар еді. Қатты шошыған Кюри үйге әрең кіріп, қыздарын алып Париждегі достарының үйін паналауға мәжбүр болды.

Кейін Маря Кюри мен оның қыздарын үйінде паналатқан тағы бір әйгілі математик Емил Борел ( Emile Borel) екені белгілі болды.

 

Маря Кюри мен Лангевиннің махаббат хаттары таралмай тұрып, Маря Кюри Әлемде алғаш рет екінші рет Нобел сыйлығына тағайындалып қояды.

Соңынан Лангевинмен қарым-қатынасы әшкере болған соң Нобел комитетінің төрағасы Сванте Аррениус (Svante Arrhenius) оның моральдық жағдайына күмән келтіріп, оның химия саласындағы Нобел сыйлығын алудың салтанатты рәсіміне қатысуына қарсы болады. Кюри оған батыл түрде жауап беріп, салтанатты рәсімге қатысатынын айтады, өйткені «сыйлық Полоний мен Радийді ашқаным үшін берілді, менің ғылыми жұмысыма берілді. Жеке өміріме ешқандай қатысы жоқ», - деп жауап жазған екен.

Осыдан кейін Маря Кюри қатты депрессияға түсіп аурып 14 ай жұмысқа келмеген екен. Бұл уақиғалар қатты есенгіретсе керек.