2023 жылғы Нобел физиология және медицина сыйлығы

2023 жылғы Нобел физиология және медицина сыйлығы

 

2023 жылғы Нобел физиология және медицина сыйлығының иегерлері болып Каталин Карико (Katalin Karikó) және Дрю Вайсман (Drew Weissman) аталды. Оларға бұл сыйлық “COVID-19-ға қарсы тиімді мРНҚ вакциналарын жасағаны үшін” берілді.

Pfizer/BioNTech және Moderna компаниялары өндірген вакциналар дәл осы ғалымдардың ашқан жаңалығының нәтижесі. Осы компаниялардың өндірген SARS-CoV-2 вакцинасын әлемде миллиондаған адамдар қабылдап аурудан аман қалды.

 

Дәл осы тұста вакцина деген не? Соған түсінік бере кетейік.

 

Вакцина - бұл адамның иммундық жүйесін арттыруға арналған, белгілі бір аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін биологиялық препарат.

Қарапайым тілмен айтқанда вакцинаны дәл сол жұқпалы аурудың вирустарын жартылай өлтіріп, әлсіретілген түрі. Яғни, сіздің денеңізге әлсіреген сол аурудың вирусын егеді.

Сосын не болады? Әдетте адам денесі сырттан келген кезкелген бактерия мен вирусты жау ретінде көріп өлтіріп тастауға тырысады. Ал сізге әлсіреген вирус егілген соң, сіздің денеңіз “жау келді” деп ұрандап, көптеп сол вирусқа қарсы тұратын анти дене деп аталатын затты көптеп бөліп шығарады. Әрі сол анти денелер бұл вирусты танып алады да, жаңадан денеге бір екеуі кіре бастағанда, көбеймей тұрып көзін жояды. Сөйтіп аурудан қорғанасыз.

Ал вакцина екпесе не болады? Онда сіздің денеңізде оған дайын анти дене жоқ болғандықтан, аяқ асты жау келгендей күйде болады. Сырттан келген жаумен (вирустар) сіздің денеңіздегі анти денелер арасында қиян кескі шайқас болады, ол шайқаста көп жұмыс істеп қойғандықтан анти денелер қызып кетеді.  Сол себепті сіз қатты қызып аурасыз. Анти дененің бір бөлімі соғыста қырылып қалғандықтан, сіз ауырғанда әлсіреп қаласыз.

Бұл соғыс немен аяқталады? Егер сізде анти дене көп болса анти денелер жеңіп шығады. Сіз аурудан сауығасыз. Егер вирустар жеңіп кетсе онда біттіңіз. Сол үшін анти денелер көп болу керек. Анти дененің көп болуы деген сөз иммундық жүйенің яғни иммунитеттің мықты болуы деген сөз.

 

Жоғарыдағы айтқанымыздай сіздегі анти денелер сол вируспен бір рет шабысқан соң, ол оның ата жауына айналады да оны оңай танып алып жаңадан денеге кіре бергенде көзін жояды. Ол деген сөз, бір рет ауырған жұқпалы аурумен екінші рет ауырмайсыз. Егер ауырған күнде де бірінші жолғыдай қатты болмайды. Себебі сізде ол ауруға қарсы анти дене толып тұр деген сөз.

Figure 1. Methods for vaccine production before the COVID-19 pandemic. © The Nobel Committee for Physiology or Medicine. Ill. Mattias Karlén

 

 

Айтқанға оңа болғанымен вакцина жасау, өндіру өте қиын әрі көп уақыт алатын жұмыс. Себебі, ауруды анықтау, одан ауру тудыратын вирусты бөліп алу, сол вирустың генін адамның анти денесі оңай танитындай етіп өңдеу, оларды сынақтан өткізу осының бәрі бірнеше жыл уақыт алатын жұмыс. Кейбір ауруларға тіпті он неше жыл уақыт кетеді, тиімді бір вакцина жасап шығу үшін. Кейбір ауруларға вакцина жасау адамдардың қолынан әліде келер емес.

 

Қалай десек те ғылым ең үлкен күш. Тек ғылым ғана, тек ғалымдар ғана бәрін құтқара алады. Қоғамның дамуы тек ғалымдардың ұлы еңбегінің нәтижесі.

2023 жылғы Нобел физиология және медицина сыйлығының иегерінің бірі Каталин Карико 1955 жылы Венгрияның суы да жоқ, тогы да жоқ бір кедей ауылында туған. Сонда да мектепті өте жақсы оқыған. Талай рет биологиядан ғылыми жобаларға қатысып, орын алған. Кейін Венгриядағы мықты университтердің бірі Сегед университетінде  (University of Szeged) баклвр, магистр және докторлық оқыған. 1988 жылы АҚШ ға келіп вакцина саласы бойынша зерттеулерге қатысқан. Содан бері осы салада АҚШта қызмет етеді.

 

Ал біздің Қазақстандық ғалымдар өздері зерттеп жасаған COVID-19-ға қарсы QazVac деп аталатын вакцинаны профессор, ғалым Күнсұлу Дальтонқызы Закария басшылығында Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жасап шыққанын біле жүрейік.