Украиналық ғалым әйгілі математика сыйлығын ұтып алды.

Филдс медалы, математика сыйлығы

Украиналық ғалым әйгілі математика сыйлығын ұтып алды.

Украиналық әйгілі математик Марина Виазовска 2022 жылғы Филдс медалінің төрт жеңімпазының бірі болып табылады. Филдс сыйлығы математиктердің ең үлкен әлемдік сыйлығы есептеледі.  Филдс сыйлығы 40 жасқа толмаған, математикада ең үлкен жетістікке жеткен ғалымдарға 4 жылда бір рет беріледі. Филдс сыйлығы ең алғаш рет 1936 жылдан бастап беріле бастаған. Содан бері тек бір әйел математика ғана бұл сыйлықты ала алған.  Ал Украиналық математик Марина Виазовска осы сыйлықты алған екінші әйел болып тарихта қалып жатыр.

Осыған дейін Мәриям Мирзахани деген  ирандық  әйел математик, Станфорд университетінің математика профессоры Филдс медалін алған ең алғашқы әйел атанған еді.

Әйелдер арасынан ең алғашқы Филдс медалін алған ирандық әйел математик Мәриям Мирзахани 

Виазовска Киевте дүниеге келген, әкесі химик, Антонов авиазаводында жұмыс істеген, ал анасы инженер болған. Ол №145 Киев жаратылыстану-ғылыми лицейінде (дарынды балаларға арналған)  оқыған. Осы мектепте Андрей Князюк деген бұрын ғылыми зерттеумен айналысқан математик сабақ беретін еді. Виазовсканың математикаға деген қызығушылығы осы мұғалімнің арқасында пайда болады. Кейін Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетіне түскенден бастап 2002, 2003, 2004 және 2005 жылдары университет студенттеріне арналған халықаралық математикалық байқауға қатысып, 2002 және 2005 жылдары бірінші орын алады. Ол 2005 жылы өзінің алғашқы ғылыми мақаласын жазады.

 

Виазовска 2007 жылы Кайзерслаутерн университетінде (Германия) магистр дәрежесін, 2013 жылы Бонн университетінде (Германия)  докторлық дәрежесін алды. Сол кезде оның докторлық зерттеу жұмыстарына әлемге танымал математиктер Дон Заджер мен Вернер Мюллер жетекшілік етті. Содан бастап таза ғылыми зерттеуге бет бұрады.

2016 жылы Виазовска 8 өлшемдегі шарды тәрізді денелердің  мәселесін шешіп әлемдік математика ғылымында көзге түсе бастайды. Одан ары 24 өлшемді денелердің проблемасын шешеді. Қысқасы содан бастап әртүрлі беделді математика сыйлықтарын ала бастайды. Соның ішінде ең танымал сыйлық ол биыл алған Филдс медалы әрине.