Айдағардың шын өмірде болғаны анықтылды.

Айдағар

Айдағардың шын өмірде болғаны анықтылды.

 

Ертедегі қазақ ертегілерінде Айдағардың орны ерекше. Ол батырлық пен күштің симболы секілді. Кейде зұлымдық пен жауыздықтың атасы болып келеді. Қазақ ертегілерінде даңқты батырлар айдағарды жеңіп еліне тыныштық пен бейбіт өмір сыйлап жатады. Ал қытай аңыздарында айдағарды күш пен рухқа теңейді. Байлық пен бақыт алып келеді деп есептейді. Қазірге дейін қытай халқы мереке күндері айдағар биін билеп, үйлеріне айдағардың суретін іледі, айдағар тылсым күштерден қорғап, бақыт алып келеді деп сенеді.   

Бірақ айдағар тек ертегілердің ғана кейіпкері болып келген. Бірақ Қытай, АҚШ, Германия және Англияның біріккен ғалымдары (Stephan N.F. SPIEKMAN, Wei WANG, Lijun ZHAO, Olivier RIEPPEL, Nicholas C. FRASER and Chun LI)әлемдегі ең керемет журналдардың біріне (журналдардың аты: Earth and Environmental Science Transactions of the Royal Society of Edinburgh) айдағардың тек ертегі кейіпкері емес шын өмірде болғанын дәлелдеп шығып, зерттеу мақаласын жариялапты. Аталған ғалымдар айдағардың тасқа айналған сүйектерін тапқан.

 

Айдағардың тасқа айналған сүйектерінің табылуы бұл бірінші рет емес екен. 2003 жылы Қытай ғалымы Чун Ли (Chun LI) Қытайдың оңтүстігіндегі Гуй Жу өлкесінен айдағардың сүйегіне ұқсас тасқа айналған сүйек қалдықтарын тапқанын айтып, өзінің зерттеу мақаласында көрсеткен еді. Бірақ ол кезде ол кісі айдағар деп айтуға ауызы бармаса керек тек айдағар тектес бауырымен жорғалаушы жануар деп жазған екен.

 

Ал жоғарыдағы бір неше елдің ғалымдары тағы да сол маңнан яғни, Қытайдың оңтүстігінен тасқа айналған сүйек қалдықтарын тапқан. Сүйек бөліктерін біріктіре келе ғалымдар бұл айдағардың сүйегі деп жазыпты. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес бұл айдағардың қаңқасының ұзындығы 20 метр, 240 миллион жылдың алдында өмір сүрген. 200 миллион жылдың алдында динозаврлар өмір сүргенін еске салсақ, бұл айдағар да динозаврлар мен замандас болып тұр.

Осы орайда біздің сайт ғылыми танымдық сайт болғандықтан жануарлар сүйектері арқылы қалай олардың өмір сүрген жылдарын анықтауға болатынын қысқаша айта кетейін.

Ең негізгі, әрі көп қолданылатын әдіс Көміртек 14. Табиғатта Көміртек 14 бен 12 нің қатынасы тұрақты болады. Жануар (немесе өсімдік) өлген кезде ол сырттан көміртек қабылдамайтындықтан  Көміртек 14 мөлшері азая береді. Осы Көміртек 14 бен 12 нің қатынасын есептеу арқылы жануарлар мен өсімдіктердің 50,000 жылға дейінгі соңғы өмір сүген жылын есептеуге болады.

Ал басқа да осы сияқты радиоактивті қоспалар арқылы жастарын анықтайды (мысалы: тастардың). 

Ал бірнеше миллион жылдың алдында өмір сүрген болса онда Оттегі изотоптары арқылы анықтайды. Жануарлар немесе өсімдіктер тірі кезінде міндетті түрде су ішеді деген сөз. Сол ішкен судағы Оттегі-16, Оттегі-17, және Оттегі-18 қатынасы тұрақты болады. Ал жануарлар өлгенде сырттан су қабылдамайды организмдегі (мысалы: сүйек, тіс ) қалған оттегі өзгермей сақталады. Тек Оттегі-16 және Оттегі-18 қатынасы температураға тәуелді болады. Сол арқылы жануар өлген кездегі температураны анықтауға болады. Ол температура арқылы бірнеше жүз миллион жылға дейінгі жасын анықтауға болады.

 

Төменде зерттеу мақаласында берілген суреттерден бірнешеуі