АҚШ ғалымдары "Жасанды күн" жасауда адамзат тарихында болмаған ең үлкен жетістікке жетті. 

АҚШ ғалымдары "Жасанды күн" жасауда адамзат тарихында болмаған ең үлкен жетістікке жетті. 

АҚШ ғалымдары "Жасанды күн" жасауда адамзат тарихында болмаған ең үлкен жетістікке жетті. 

АҚШ-тағы Лоуренс Ливермор ұлттық зертханасының (Lawrence Livermore National Laboratory) ғалымдары АДАМЗАТ ТАРИХЫНДАҒЫ ең үлкен жобаны іске асырғанын мәлімдеді. Ол болса жасанды күн жасау. Яғни күн сияқты таза энергиямен үздіксіз қамдап тұратын үлкен реактор салу. 


“Жасанды күн” деп айтып отырғандары үлкен ядролық реактор. Яғни атом ядросынан энергия алу. Атомның ядросындағы реакциядан энергия алу соңғы 50 жылдан бері қолданылып келеді. Бірақ ол Уран атом ядросының ыдырап басқа кіші атомдарға айналу барысында шыққан энергияға негізделген. Ең бастапта бұл атом энергиясын қару ретінде қолданды, яғни атом бомбалар жасады. Кейін энергетикалық мақсатқа да қолдануға болатынын біліп АЭС-тер сала бастады. Бірақ бұл өте керемет тәсіл де емес. Өте қауыпты әдіс. Мысалыға, жарылып кеткен Чернобл мен Жапониядағы АЭС-тің жарылуын алсақ та жетіп жатыр. Оның үстіне, мәңгі сақталып қалатын радиациялық қалдықтар қалады. Ол да адамзатқа өте қауыпты. 

Сондықтан ғалымдар ядролық ыдырау емес, ядролық бірігу реакциясынан шығатын энергияға қатты қызыққан. Ондай құбылыс тек күнде ғана болады. Күннің ішіндегі Сутек изотобы (проти мен тритий) бірігіп, Гелий атомын түзеді. Олардың атомдары бірігу барысында өте жойқын энергия бөледі. Күнде бұл процесстің орындалуы қиын емес. Өйткені күннің массасы да, тарту күші де жерден әлдеқайда үлкен. Сондықтан реакция оңай жүреді. Ал жерде процесс, яғни сутек изотоптары қалыпты жағдайда өздігінен бірікпейді. Сондықтан реакцияны жүргізу үшін 250 млн ℃ температура болатын орта жасау керек. Сонда бар болғаны 4 млн ℃ температураға дейін қол жеткізуге болады. Яғни кірістен шығыс көп. Сондықтан ғалымдар төмен температура арқылы реакцияны жүргізудің жолын іздеумен келді. 


Егер бұл технологияны кім жасай алады сол әлемнің қожасы болады деген сөз. Себебі өмір бойы энергия үшін мұнай мен газға күні қарамайды. 

Сутегі изотоптарының ядроларының бірігуне арналған реактор, немесе термо реактордың іші осындай болады. Немесе соңғы кездері жасанды күн деп аталып жүрген жасанды күннің іші. Мына дөңгеле жалын айналып жүреді. Өте қуатты магнит плазманы, яғни жылындаған газдарды сыртқа жібермей тартып тұрады. 

Мынау жанынан қиғандағы толық көрінісі. Биіктігі шамамен 30 метр келеді. Ана көк жер жаңағы жалын айналып жүретін іші. 

Адамзатқа арман болған, адамзат тарихындағы осы бір әйгілі жобаны жоғарыдағы аталған АҚШ-тағы Лоуренс Ливермор ұлттық зертханасының ғалымдары сәтті жасадық деп 13 Желтоқсан, сағат 10:00 де, 2022 жылы ресми түрде жариялады.

https://youtu.be/Eke5PawU7rE Мына жерде АҚШ ғалымдарының мәлімдемесі.

Онымен қоса президент Байден мырзаның тікелей тапсырмасы бойынша алдағы 10 осындай реактор салатындығын да жеткізді. Олардың айтуы бойынша АҚШ ғалымдары лазер техникасын қолданып 2.05 мегажоул энергия жұмсау арқылы 3.15 мегажоул энергия алған. яғни, жұмсалған энергиядан 50% энергия көп алған. Бұндай жетістік адамзат тарихында әлі күнге дейін болған емес. Бұл түрдегі энергияны алу үшін шикізіт көзі жәй ғана су болады. Жершарының  жартысынан көбі су екенін ескерсек бұл әрі тиімді, әрі өте таза энергия көзі болмақ. Егер бұл реакторлар жарылса Уран қолданатын АЭС сияқты улы заттар қалмайды, себебі бұл жерде қолданатын газдар болғандықтан ұшып кетіп қалады. Оның үстіне реакция барысында гелий шығатындықтан ол да еш зиянсыз. 

Қысқасы адамзат қолымен жасалған алғашқы күн пайда болайын деп тұр.