2023 жылғы математиканың Нобел сыйлығын жеңіп алды
Аргентинада туған математик Луис Каффарелли (Luis Caffarelli) 2023 жылғы Абел сыйлығын жеңіп алды. Абел сыйлығы математикадағы ең үлкен марапаттардың бірі, ол математиктердің Нобел сыйлығы деп аталады. Сөйтіп Луис Каффарелли жүлдені жеңіп алған Оңтүстік Америкада дүниеге келген алғашқы адам болып тарихта қалды.
Луис Каффареллидің алғашқы үлкен жетістігі мұздың еру заңдылығын математикалық әдіспен дәлелдеді. Оның бұл зеттеу мақаласы Acta Math журналында 1977 жылы жарық көрген екен.
Тағы бір атақты мақаласы, Каффарелли 1982 жылы 2015 жылғы Абель сыйлығының лауреаты марқұм Луи Ниренбергпен және Нью-Йорк университетінде оқитын Роберт Конмен күш біріктіріп, математикалық физикадағы ең атышулы мәселелердің бірі - Навье-Стокс теңдеулерінің кейбір жартылай шешімдерін жариялаған.
Навиер-Стокс теңдеуі - сұйықтық стандартты динамикасының (қозғалысын) сипаттайтын теория. Бұл теңдеуді алғаш Франциялық инженер Навиер (Claude-Louis Navier) және Ирландиялық физик Стокс (George Gabriel Stokes) 1822 жылы жариялаған. Содан бері бұл теңдеуді шешкен адам болмады. Бұл теңдеу сұйық, газ сияқты ағыстардың қозғалысын сипаттайтын теңдеу. Қазірге дейін жазық беттегі қозғалысы шешілген. Ал кеңістіктегі қозғалысы шешімін тапқан жоқ. Естеріңізде болса Қазақстандық атақты математик Мұқтарбай Өтелбаев 2014 жылы бұл теңдеуді шешкенін жариялаған болатын. Бірақ кейін әлемнің әйгілі математиктері Колумбиядағы Миссури университетінің профессоры Монтгомери-Смит (Montgomery-Smith) және Калифорния университетінің профессоры атақты Теренс Тао тексеріп Мұқтарбай Өтелбаевтің шешімінен қателік тапқан еді.
2000 жылы Клей математика институты Навиер-Стокс теңдеуін мыңжылдықтың жеті қиын есебінің бірі ретінде енгізді - оны бірінші шешкен адамға 1 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйлық ұсынады.