Бір үйден екі Нобел сыйлығын шығарып, өзі тасада қалған әйел.

Бір үйден екі Нобел сыйлығын шығарып, өзі тасада қалған әйел.

Нильс Бор (Niels Bohr) деген ғалымды естіген боларсыздар? Кванттық физиканың негізін салушылардың бірі. Мектепте атом құрылысын өткенде “Бор моделі” туралы да оқыған едік. Осы атомдық құрылым мен кванттық теорияны түсінуге қосқан маңызды үлесі үшін 1922 жылы физика бойынша Нобел сыйлығын алды. Бірақ осы Нильс Борды әлемге танытқан оның үйіндегі жұбайы Маргрета Бор (Margrethe Nørlund Bohr) екенін көп адам біле бермейді. Себебі ресми ақпараттарда жарияланбайды ғой. Онда мен жариялайын біле жүріңіздер!!!

Нильс Бор сөзсіз әйгілі ғалым, өте дарынды физик болғанымен өте кем сөзді адам болған. Ол деген сөз ойын толық жеткізіп қағазға жаза алмайды. Ал ғалымды бағалайтын көрсеткіш оның жазған мақалалары, кітаптары. Олар болмаса қалай әйгілі болсын.

Нильс Бордың жары Маргрета Бор өте ақылды адам болған. Және өте ауқатты отбасынан шыққан. Негізгі мамандығы француз әдебиеті бола тура, ағылшын тілі мен неміс тілін судай білген. Сол себепті Нильс Бордың мақаласын бәрін осы жолдасы Маргрета жазып беріп отырған. Оның үстіне Нильс Бордың тілдік қабылеті де әйеліне жетпейтін көрінеді. Сол себепті өз ойларын әйеліне айтып, сол кісі әдемілеп жазып беріп отырған.

Маргрета Бордың мықтылығы мынада, ол кісі физик емес сонда да физиканың мақаласын түсініп жазу екінің бірінің қолынан келмейді.

Тек ол емес.

Маргрета Бор ұлына да қатты көмектескен соның арқасында 1975 бұлардың ұлы Ааге Бор (Aage Bohr) да физикадан Нобел сыйлығын алады.

Егер Маргрета Бор болмағанда мүмкін жоғарыдағы кісілер де Нобел сыйлығын ала алмас еді, тіпті әлемге де танымал бола алмайтын еді.

Өкінішке орай бір үйден бір емес екі Нобел сыйлығын шығарған Маргрета Бор ханымның атын ешкім білмейді. Ал күйеуі мен ұлы әлемге танымал.

Сондықтан аналар мен қыздардың тасада тұрып әлемдік ғылымға қосқан үлесін біле жүрейік!!!

 

 

Нильс Бор мен жары Маргрета Бордың жас кездері мен қартайған шағы.

Бор отбасы: Erik Bohr (үлкен ұлы), Margrethe Bohr, Aage Bohr және әкесі Niels Bohr


Aage Bohr