Мына уақиғаны бұрын да естіген едім бірақ қате естіп алған екенмін.
Маған химия өткен ағайым Нилс Бор (Niels Bohr) өзіне берілген Нобел физика сыйлығын соғыс
кезінде тонаушылардан патша арағында (Aqua regia) ерітіп аман алып қалған деп айтқан еді.
Негізі әңгіме былай болған екен.
1940 жылы Насистер Копенхагенді жаулап алыпты. Сол кезде Gestapo (Немістердің құпия агенті) сол Копенхагендегі Нилс Бордың институтында жасырынған екі Нобел сыйлығы бар екенін біледі екен.
Ол екі Нобел сыйлығының біреуі Max von Laue деген құдалау да жүрген еврей ғалымның 1914 физикадан алған сыйлығы мен тағы біреуі еврейлерді қолдап жүрген James Franck деген ғалымның 1925 жылы физикадан алған Нобел сыйлығы екен. Бұл екі ғалым басына төнген қатерді ерте сезіп қауіпсіздік үшін сыйлықтарын Нилс Борға өз институтында сақтап қоюын өтініпті. Бор қабыл алып сақтап қойған екен.
Ол кезде, 1940 жылы, Нилс Борда физикадан Нобел сыйлығын алған болатын, бірақ Нилс Бор ол Нобел сыйлығын (алтын медалын) Филландияға көмектесу үшін сатып жіберген екен. Сонда ол кезде Нилс Борда Нобел сыйлығының алтын медалы жоқ. Тек өз институтында сақтаған жоғарыдағы екі кісінің сыйлығы бар екен.
Нобел сыйлығы алтын медалы 23 караттық алтыннан құйылады, оның үстіне атағы да жоғары. Сондықтан екі Нобел сыйлығы көп ақша тұрады, сол себепті екі Нобел сыйлығын қолға түсіру үшін әскерлер бірден Нилс Бордың институтына келетіні түсінікті.
Сол себепті бұл екі Нобел сыйлығын жау қолынан аман алып қалудың жолдарын іздепті. Сол кезде Нилс Бордың лабораториясында жұмыс жасайтын Жорж де Хевеси (Georgy de Hevesy) деген Венгриялық химик жігіт Нилс Борға екі медалды көміп тастайық деп ақыл айтыпты, жоқ олар жерді қазып тауып алады деп келіспепті оған Бор.
Сосын Жорж де Хевеси онда химиялық жолмен ерітіп тастайық депті, Нилс Бор бұл әдісті білмеген көрінеді. Бұл шаруаны Жорж де Хевеси ге тапсырыпты. Жорж де Хевеси екі алтынды патша сұйықтығына (aqua regia) ерітіп тастаған екен. Немістер Копенхаген көшесінде келе жатқанда мен екі медалды жанталаса ерітіп жатқам – деп жазыпты кейін Жорж де Хевеси өз естелігінде.
Сөйтіп екі медалды екі ыдысқа ерітіп лаборатория үстеліне қоя салыпты. Әскерлер лабораторияға келіп алтын медалды қанша іздесе де таппапты, олар жанында тұрған қоңыр түсті ерітіндіні алтын медал деп ойламапты да.
Соғыс аяқталған соң 1950 жылы жаңағы химик Жорж де Хевеси алтынды қайта тұнбаға түсіріп беріпті. Сосын алтынды Нобел комитетіне берген екен, Нобел комитеті сол алтыннан қайта медал құйып 1952 жылы 31-ші қаңтарда профессор Laue мен профессор Franck Чикаго университетінде қайтадан Нобел сыйлығы табыс етіліпті.
Сөйтіп бір ХИМИКтің арқасында екі физиктің Нобел сыйлығын аман сақтап қалыпты.