Динозаврлар пайда болғалы 200 жыл.
1824 жылы 20 ақпанда Оксфорд университетінің геология ғылымдарының профессоры, Оксфорд университетінің діни колледжінің деканы Уилям Бакленд (William Buckland) Лондон геологиялық қоғамының журналына (журналдың аты: The Transactions of the Geological Society of London) өзінің жаңа зерттеу нәтижелерін жариялайды.
Уилям Баклендің (William Buckland) 1833 жылғы суреті екен.
Мақаланың тақырыбы: «Мегалозавр немесе Стоунсфилдтің ұлы тас кесірткесі туралы дерек». Мақала Transactions of the Geological Society of London журналының 1824 жылғы 1 санының 390-396 беттерінде жарияланады.
Уилям Бакленд Оксфорд қаласының, Стоунсфилд деген жерінен табылған өте үлкен сүйектерді зерттеп жүрген болатын. Бұндай үлкен сүйектерді тапқан Уилям Бакленд бірінші адам емес еді, оған дейін де талай ғалымдар осыған ұқсас көптеген сүйектерді тапқан. Бірақ олар бұлардың ненің сүйектері екенін анық білмеген соң нақты ештеңе жазбаған еді.
Ал Уилям Бакленд өзінің жоғарыдағы мақаласында бұл сүйектерге өте көп талдау жасай келе, бұл өте үлкен кесірткенің сүйегі деп топшылаған. Және ол бұл өте үлкен кесірткелерді Мегалозавр (Megalosaurus) деп атаған. Megalosaurus грек тілінде мага – өте үлкен, sauros – кесіртке деген сөзін алғаш рет қолданған.
Уилям Бакленд барлық табылған сүйек сынықтары мен бөлшектеріне талдау жасай отырып бұл Мегалозаврлардың ұзындығы 20 метр алып кесіртке деп анықтаған. Және 4 аяқпен жүреді деп көрсеткен.
Ричард Оуэн (Sir Richard Owen) деген кісі осы.
Уилям Баклендтің бұл мақаласына қызыққан сол заманның ең әйгілі биолог, анатомигі Ричард Оуэн (Sir Richard Owen) биологиядан жаңа бір класс ашып оны – Динозаврлар (Dinosaurs) деп атайды. Dinosaurs гректің "Dino-" сөзі гректің "deinos," "алып" немесе "өте үлкен" деген сөзі мен "-saur" кесіртке деген сөзінен шыққан.
Ал жоғарыдағы Уилям Баклендтің тапқан Мегалозавр осы Динозаврлар класының ішіндегі бір жануар болып енгізіледі.
Осылайша әлемде ең алғаш рет “Динозавр” сөзі де, Динозаврлар деген түсінік те осылай пайда болған еді. Содан бері осы жылы бұл терминге 200 жыл болыпты.
Одан кейінгі зерттеулерде Динозаврлардың көп түрлері пайда болды. Олардың екі аяқпен жүретіні де, төрт аяқпен жүретіні де болғаны анықталды.
Қоғамның дамуына ілесе Динозаврлардың осыдан 200 миллион жылдың алдында тұқымы құрығаны анықталды.
Уилям Баклендің мақаласындағы Мегалозаврдың жақ сүйегі.
Мынау жіліктері