Ғалымдар секундтына  70 триллион рет суретке түсіре алатын жаңа камера жасап шықты.

Жаңа технология; жаңа камера; камераның дамуы; секундтына  70 триллион рет суретке түсіре алатын жаңа камера.

Ғалымдар секундтына  70 триллион рет суретке түсіре алатын жаңа камера жасап шықты.

 

Ең алғашқы фотокамераны Жозеф Нипсе (Joseph Nicéphore Niépce) 1816 жылы тапқырлаған болатын. Ең алғашқы камералар әрине өте сапасыз, суретке баяу түсіретін.

Ең алғашқы камералардың бірі.

Содан бері жыл өткен сайын фотокамера дамып, ең алғашқы цифрлы фотокамералар 1999 жылы ғана пайда болды. Цифрлы фотокамералар бұрынғы аталарына қарағанда суретке жылдам түсіре алады. Бірақ оларды өте жылдам деп те айта алмаймыз. Себебі қозғалыстағы заттарды түсіргенде сурет бұлыңғыр болып шығады. Бұл цифрлы фотокамералардың суретке түсіру тұнықтығы олардың суретке түсіру жылдамдығына, немесе бір суретті түсіруге кететін уақытына байланысты.

Мысалы мына фотолар арқылы суретке түсіру жылдамдығының маңызын байқайық.

Жылдамдығы өте баяу фотокамерамен түсірілген сурет. Қозғалыстағы қалақ көрінбей тұр.

Секундтына 5 рет суретке түсіре алатын камерамен түсірілген. Судың қозғалысы анық емес.

Секундтына 1600 рет суретке түсіре алатын камерамен түсірілген. Қозғалыстағы судың өзі анық көрініп тұр.

Осылай біртіндеп дамып келеді ал қазіргі сатылымдағы (базардағы) ең жылдам камералар секундтына 8000 сурет түсіре алады. Немесе бір суретті түсіруге 1/8000 секунд уақыт кетеді.

Ол ол ма? Қазір ғылым техниканың ұшқан құстай дамуына ілесе секундтына миллион емес, миллиард емес, триллон рет суретке түсіре алатын камералар пайда болып жатыр.

Әлемге әйгілі Калифорния техникалық университетінің профессоры Лихоң Ваң 2018 жылы секундтына 1триллион рет фотоға түсіре алатын фотокамера жасап шықты. Дәл осы ғалым артынша 2020 жылы секундтына 10 триллион рет суретке түсіре алатын камера жасап шыққанда әлем халқының ауызы аңырайып ашылып қалды.

 

Жоғарыда байқағандарыңыздай қозғалыстағы дене суретке анық түспейді. Ал мына ғалымдардың жасаған секундтына 10 триллион рет суретке түсіре алатын камералары қазіргі біздің түсінігіміздегі ееееең жылдам саналатын жарықтың өзін қозғалтпай суретке түсіре алады екен.

Мысалы мына суретте жасыл жарық қозғалысын суретке түсірген.

Бұл секундтына 1 триллион рет суретке түсіре алатын камераның жұмыс істеу заңдылығына қызықсаңыз мына жерде: https://www.science.org/doi/10.1126/sciadv.aay6200

Мұнда жарықтың әйнектен өту барысы түсірілген. 

Содан көп арыға бармай ақ жоғарыдағы Калифорния техникалық университетінің профессоры Лихоң Ваң 2020 жылдың ішінде ақ секундтына 70 триллион рет суретке түсіре алатын жаңа камера ойлап тауыпты. Қазіргі әлемдегі рекорд осы болып тұр.

Секундтына  70 триллион рет суретке түсіре алатын жаңа камераның жасалғанын дәлелдеп жазылған мақала мына сілтемеде.

https://www.nature.com/articles/s41467-020-15745-4

Әлемдегі болып жатқан өзгерістерден құр қалмай әлеммен бірге дамып отырыңыздар. Тіпті ондай камера жасай алмаған күнде де сондай заттың бар екенін білгеннің өзі сауаттылық. Сондықтан http://www.gylym.kz/ сайтындағы ғылыми жаңалықтарды оқи жүріңіздер.

 

Айтпақшы, жоғарыдағы секундтына  триллион рет суретке түсіре алатын жаңа камераларды Технодомнан іздеп жүрмеңіздер.)))  

Ол камералар міне үлкендігі қазірше үйдей болып тұр. 

Бұл камералар әлі базарға шыққан жоқ. Себебі олардың көлемі өте үлкен. Кейін ғылым жалғасты дамып, олардың көлемі кішірейіп, жақан күнде ақ қолданысқа берілуі мүмкін.