Тупой сұрақтың әйгілі жауабы

Тупой сұрақтың әйгілі жауабы

Тупой сұрақтың әйгілі жауабы

 

Бірнеше күннің алдында Қытайдың математика емтихан сұрақтарындағы бір “тупой” сұрақты жариялаған болатынмын. Ол сұрақ Қытайдың біткен әлеуметтік желісінде ХИТ болып, кеңінен талқыланған болатын. Тіпті халықаралық үлкен медиалардың өзі сол бір емтихан сұрақ жөнінде жарыса жазған еді. Бүкіл әлемді шулатқан ол сұрақ мынадай болатын:

 

 Кемеде 26 қой және 10 ешкі бар болса онда капитанның (кеме жүргізуші) жасы нешеде болады?

 

 

Бұл сұрақты алғаш көрген кезде бірден қате сұрақ деп ойлағам. Бір жарым миллиард халқы бар, мемлекеттік емтихандары бүкіл республика бойынша бір сағат бір минутта алынатын, халықаралық математика олимпиадасынан әлемде бірінші орында тұратын, әлемдегі алдынғы қатарда тұратын мамандары бар елде де осындай өрескел қателік кетеді екен ғой деп таңданғаным рас.

 

Бірақ олай емес екен. Бұл сұрақтың жауабы бар, әлемдегі әйгілі сұрақ екен.

 

Сұрақты тарихы былай.

 

Дәл осы тектес сұрақты ең алғаш құрастырған Францияның әйгілі педагог жазушысы Густав Флауберт (Gustave Flaubert) 1841 жылы өзінің қарындасы Каролин ге жазған хатында қойған екен. Ол сұрақ мынадай:

 

"Сен қазір геометрия мен тригонометрияны оқып жатқандықтан, мен саған бір есеп берейін: Бір кеме Бостоннан Гаврға қарай 200 тонна жүн тиелген жүкпен мұхитта жүзіп келеді. Кеме желгені сынып қалған, кеме бақылаушысы (кеме төбесіне отырып алып жолды қарап отыратын адам) ішке кіріп кеткен.  Кемеде 12 жолаушы бар, шығыс-солтүстік-шығыс бағытта жел соғып тұр, сағат тілі күндізгі үшті көрсетіп тұр. Қазір мамыр айы екенін ескерсек онда капитан неше жасы нешеде болады?"

 

 

Ал жоғарыдағы “26 қой және 10 ешкі” деген сұрақты ең алғаш рет Францияның атақты математигі, педагогы Стелла Барук (Stella Baruk) құрастырған екен.

 

 

Бұл сұрақтардың жауабы өте қарапайым: жауабы жоқ. Немесе шешу мүмкін емес.

Не себепті бұлай сұрақ шығарады дейсіздер ғой. Себебі математикада шешімі жоқ сұрақтар өте көп. Оқушылар кезкелген сұрақтың шешуі оңай деп ойлап қалмасын, математикада кейбір қисынға келмейтін шешуі жоқ есептердің де бар екенін білу үшін. Қысқасы математикаға басқаша бір жеке көзқарас қалыптастыру үшін керек екен. Яғни оқушылар тек ғана үйреткен нәрсемен шектеліп қалмау үшін арнайы шығарылған. Кейде екі қосу екі десе біз бірден төрт дейміз. Ал екі қосу екі мүмкін он болып кететін шығар? Неге олай емес, себебі оқушылар басқаша ойлай алмайды, оларды екіге екіні қосса төрт болады деп үйреткен, олар сол шеңберден шықпайды. Ал жоғарыдағы сияқты стандартты емес сұрақтар оқушылардың стандартты ойлау формасын бұзып, стандартты емес ойлауға да болатынын көрсетеді, дейді ғалымдар түсіндірмесінде. Шынымен де оқушылардың стандартқа үйреніп қалғаны соншалық жоғарыдағы “26 қой және 10 ешкі” деген сұраққа біреулері 36, ал тіпті біреулері 16 деп жауап берген екен, яғни олар мұғалімнің үйреткені бойынша қосқан, не алған, басқа жоқ. Демек ол оқушылардың жеке ойлау формасы жоқ деген сөз. Тек 0.1% ғана оқушы “бұл есепті шешу мүмкін емес” деп дұрыс жауап берген екен.

 

Жоғарыдағы сұрақты Вьетнамдық профессор, математик Фам Тук (Pham Dinh Thuc) Вьетнам оқушыларының мемлекеттік емтиханында шығарған екен. Ол кезде тағы Вьетнам халқы шулапты, қалай қателікке жол берген деп. Соңында әлгі профессор “Бүгінгі уақиғалар” дейтін теле бағдарламаға шығып халыққа жауап берген екен. Бұл сұрақтың Вьетнамда танымал болғаны соншалық, осы сұрақтан соң Вьетнамның оқу сапасы жақсарған дейді, шын болса.

 

Сондықтан жоғарыдағы Қытайдың мемлекеттік емтиханындағы: “Кемеде 26 қой және 10 ешкі бар болса онда капитанның (кеме жүргізуші) жасы нешеде болады?” – деген сұрақтың еш қатесі жоқ, әдейі берілген екен.