Миллиондаған адамның өліміне себепші болып миллиардтаған адамды өлімнен құтқарған ғалым, немесе Нобел сыйлығының дауы.

Миллиондаған адамның өліміне себепші болып миллиардтаған адамды өлімнен құтқарған ғалым, немесе Нобел сыйлығының дауы.

Миллиондаған адамның өліміне себепші болып миллиардтаған адамды өлімнен құтқарған ғалым, немесе Нобел сыйлығының дауы.

 

1918- шы жылғы Нобел химия сыйлығы Германиялық ғалым Фриц Хаберге (Fritz Haber) «Элементтерден аммиякты синтездегені үшін» берілді. «Бұл Нобел сыйлығы тарихындағы ең маңызды және ең қате сыйлық болды»-дейді ғалымдар. Фриц Хабер адамзат тарихына ең көп үлес қосқан ғалымдардың қатарына кіргенімен оның өмірі де трагедияға толы болды.

Ең алдымен маңызына тоқталайық.

 Фриц Хабердің ашқан жаңалығы 4 миллиард адамның өмірін сақтап қалды.

19-шы ғасырдың соңында адамдар астықтан мол өнім алу үшін жерге тыңайтқыш қосу керек екенін түсінеді. 1840 жылы Жустус Либиг (Justus von Liebig) деген химик ғалым астықтан мол өнім алу үшін азотты тыңайтқыш керек екенін анықтайды. Ал ол азот жануарлардың қиында көп болатынын анықтайды.

Сол кезден бастап тыңайтқыш табу ең маңызды мәселенің бірі болып қалады. Ол кезде европада көп мал ұстамайтындықтан жануарлар қиын табудың өзі ең үлкен қиындық болған екен. Сол кезде Латын Америкада Чинча деген шағын арал бар болып, ол жерде құстар көп мекендейді екен. Сол құстардан жылдар бойы жиналған қиы тау болып үйіліп қалған екен. Тіпті биіктігі 30 метрден асатын алып тау болып құстар қиы жиналып қалыпты.

Құстың қиын (гуано) алып жатқан ел. 

Дәл сол кезде жаңадан ғана мемлекет болып құрылған Перу осы аралға иелік етеді екен. Олар бұл құстың қиын сол кездің өзінде әр килосын 76$ ға дейін сатыпты. Жаңа ғана пайда болған мемлекеттің бұндай қымбат байлыққа ие болып қалғаны отаршы мемлекеттерге ұнамайды. Сөйтіп, Испания сол құстардың қиы үшін Перуге соғыс ашады. Аралдың жартысын тартып алады. Бұл құстардың қиы сол кезде өте үлкен бизнестің бірі болғандықтан, өте көп мөлшерде сатылады. Сөйтіп 1872 жылға барғанда аралда құстың қиы да қалмайды.

Құстың қиын (гуано) алу үшін кезекте тұрған кемелер. 

Жеткілікті тыңайтқыш жоқ болғандықтан, астықтан да өнім алу азаяды. Әлмге ашаршылық қауыпы төне бастайды. Дәл осы кезде әлемге әйгілі ғалым Виллиам Крукс (электронды ашқан ғалым) «келесі 30 жылда әлем халқының жартысынан көбі ашаршылықтан қырылып жоқ болады» - деп те болжаған екен.

Виллиам Крукс (Крукс түтігін жасап, электронды ашумен танылған ғалым)

 

Сөйтіп әлем ғалымдары тыңайтқыштың жаңа түрін іздеуге кіріседі. Олардың арасында аса танымал емес Германиялық ғалым Фриц Хабер де бар еді.  Фриц Хабер өзі танымал емес болғанымен оның жұбайы Клара танымал ғалым еді. Клара Германия тарихындағы ең алғашқы (1900 жылы) докторлық қорғаған әйел болатын.

Фриц Хабердің жұбайы Клара (толық аты Clara Helene Immerwahr)

Фриц Хабер білімінің аздығына намыстанбай жаңа тыңайтқыш іздеуге олда кіріседі. Фриц Хабер бір күні ауада 78% азот босқа тұрғой соны неге қолданбасқа деп ойлайды. Сөйтіп ауадағы азот бен сутегін әрекеттестіріп аммиак алмақшы болады. Бұл тәжірибе (реакция) ол ойлағандай ондай оңай емес еді. Азот бен сутегі жәйдан жәй біріге салмайды. Сонда да қоймай осы бір реакцияны жүргізу үшін 5 жыл уақыт жұмсайды. 5 жылда неше мың рет сынақ жасап, неше мың рет сәтсіздікке ұшырайды. Сонда да әрбір сәтсіздіктен бір жаңа нәрсе үйрене жүріп, мүлде мүмкін емес болған сол реакцияны ақыры жүзеге асырады. N2 + H2 = NH3 жазсаң өте қарапайым реакция болғанымен бұл реакция осылай барлыққа келген болатын. Әрі осы қарапайым реакция химия тарихындағы ең маңызды реакция болып саналады. Оның бірінші себебі өнімге қажетте азотты ауадан алады. Яғни ауадан ақша жасау. Аммиякты алған соң қалғаны өте оңай одан тыңайтқыштың түр түрін жасауға болады. Сөйтіп Фриц Хабер ауадан ақша жасап, тыңайтқыш жасап қатты байып кетеді. Тек ол емес, Фриц Хабердың осы жаңалығының арқасында келесі 30 жылдықта қырылып қалуы мүмкін болған миллиардтаған адам осылайша аман қалады.

Фриц Хабердің осы әйгілі жаңалығы үшін, миллиардтаған адамды аман алып қалғаны үшін оған химиядан Нобел сыйлығы беріледі.

 

Бірақ бұл әйгілі ғалымға Нобел сыйлығын беру не үшін үлкен қателік болды?

Соған тоқталайық.

Фриц Хабердің аммияктан алған аммоний нитраты өте жақсы тыңайтқыш болғанымен, сонымен қатар өте қауыпты жарылғыш зат, яғни бомба. Мысалыға 2020 жылғы Бейруттағы аммоний нитраты тыңайтқышы жарылысының қаншама жерді, қаншама ғимараттарды жоқ қылып жібергенін алсақ жеткілікті болар.

 

Дүние жүзілік І соғыс басталғанда Фриц Хабер отаны Германияны қолдап соғысқа белсене араласты. Ол соғысқа өзі дайындаған аммоний нитратын ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген өте улы химиялық дәрілер жасады. Оның бұл қылығы басқа ғалым достарына ұнамады. Әсіресе Фриц Хабер жасаған өте улы хлор газынан Ипрес (Белгия) дегі соғыста бір ақ күнде 67000 адам ажал құшты. Одан тыс, Фриц Хабер жасаған өте улы  Zyklon A деп аталатын улы затынан өлген адамда есеп болмды. Фриц Хабер жасаған аммияк кейін тіпті де қауыпты бомбы Динамит бен ТНТ жасауға жол ашты.

 

Фриц Хабердің жасаған улы газынен қырылып жатқан әскерлерді көріп тіпті оның өз әйелі Клара да қарсы болды. Ол Фриц Хаберді қанша райынан қайтаруға тырыссада онысынан түк шықпады. Сөйтіп сүйікті жары Клара өзін өзі атып өлтірді. Анасының өлгенін Фриц Хабердің 13 жастағы ұлы Херман Хабер де көріп тұрған екен. Содан кейін ғана Фриц Хабер өз кінәсін түсінгендей болады. Бірақ ол кезде ол көптеген достарынан айрылады. Тіпті оның жақын досы Ейнштейн де одан алыстап кетеді.

Фриц Хабер және досы Алберт Ейнштейн. (Ейнштейн Хабердің үйіне қонаққа келгенде түсірілген)

Бірінші дүние жүзілік соғыс сонда да Германияның жеңілуімен аяқталады. Майданда мыңдаған адамдардың өліміне себепші болған бұл ғалымға 1919 жылы Нобел сыйлығы беріледі. Адамзат тарихына ұлы өзгеріс жасаған ұлы ғалымға берілген  Нобел сыйлығы осылай үлкен дау тудырған болатын. Көптеген әйгілі ғалымдар Ейнштейн, Эрнест Резерфорд, Томсон  бұл кісінің Нобел сыйлығын алуына үзілді кесілі қарсы болғаны сол себептен.

 Соғыста Германияның жеңілуінен соң Фриц Хабердың тапқан бар ақшасы инфляция есебінен нөлге айналады. Оның үйіндегі барлық ақшалары тек от тамызуға ғана жарамды қағаз болып қалады.

Сөйтіп жүргенде 1933 жылы Гитлердің билікке келуімен барлық еврейлер жұмысынан қуылады. Фриц Хабер өзі де еврей болатын. Оның бір кездері жанын салып қорғаған отаны енді өзіне қарсы шығады. Еврейлер қуғынға ұшырай бастағанда Фриц Хабер жан сауғалап қаша бастады. Сөйтіп анда мұнда жан сауғалап қашып жүріп 1933 жылы жүрек ауруынан Англияда көз жұмады.

 

Қалай десекте миллиондаған адамның өліміне себепші болған бұл ғалым, жер шарындағы миллиардтаған адамды аштықтан сақтап қалған. Қазір де әлемдегі астықтық жартысы осы кісінің ашқан жаңалығымен өндіреледі екен.