Ғалымдар алғаш рет кәрі тышқанды жасартты. Енді бұл тәсілді адамға қолдануға болама?
Ғалымдар алғаш рет кәрі тышқанды жасартты. Енді бұл тәсілді адамға қолдануға болама?
Гарвард медициналық университетінің (Harvard Medical School) ғалымдары көзі көрмей қалған, кәрі тышқанды қайтадан жас қалпына келтірді. Жас қалпына келген соң көру қуаты қалпына келген, еттері, сүйектері түгел жас қалпына келіп, тіпті бұрынғыдан да ақылды болып шыққан.
Гарвард медициналық университетінің профессоры, генетик, қартаюға қарсы сарапшы, мына зерттеудің бас маманы Давид Синклейрдің (David Sinclair) айтуы бойынша “қартаю қайтымды процесс екенін, оны өз қалауы бойынша алға және артқа жылжытуға болатынын дәлелдедік”,- дейді.
Қазіргі медициналық тілмен айтқанда қартаю дегеніміз – біздің ДНҚ-дағы гендердің мутацияға ұшырап, жасушалардағы ұлпаларды зақымдауы болып табылады. Соның салдарынан біздің денемізде біртіндеп өзгерістер болады. Бұл құбылыс біртіндеп қартаюға алып келеді. Бұл медицина ғылымының қартаюға берген анықтамасы. Бірақ бұл теорияны Давид Синклейр төңкеріп тастадық деп отыр. Давид Синклейр өмір бойы қартаю ғылымын зерттеп, өз зерттеу нәтижелері арқылы қартаюға деген өз теориясын ұсынған.
Біздің денемізде қалпына келтіруге болатын жастығымыздың резервтік көшірмесі бар, деді Синклэр,
ДНҚ-ның қызметі денеде аппаратты тасымалдау, тапсырма орындау яғни. Ал ДНК гендерден құралады. Ал гендер эпигеномдардан құралады. Дәл осы эпигеном компютер чипі сияқты барлық гендерге ақпарат жеткізіп отырады. Яғни эпигеном гендерге тапсырма беріп, не істеу керек екенін айтып отырады. Ал сол геннің өзгерісі бойынша ДНК өзгереді, ДНК өзгерсе жасуша өзгереді, жасуша өзгерсе адам өзгереді. Адамның өзгерісі дегеніміз барлық жақты қамтиды. Сыртқы өзгеріс, ішкі өзгеріс, аурулар т.б.
Давид Синклейрдің 1997 жылы MIT (Massachusetts Institute of Technology)де істеп жүрген кезінде, жасушаның қартаюына алып келетін генді алғаш рет байқаған. Содан бастап қазірге дейін кәріліктің емін іздеумен келеді.
Бұл зерттеуде Давид Синклейрдің командасы тышқан геніндегі эпигеномдарды өзгеріске ұшыратып, тышқанды әдейі қартайтады. Осыдан соң тышқан қартайып көзі көрмей, бұлшық еттері босап, әрең қозғалып қалады.
Сосын ол тышқанға өзгертілген, эмбриондық жасуша сияқты денеде өздігінен дами алатын жасушаларды көзіне, миына, бұлшық еттеріне егеді. Нәтижеде қартайып қалған тышқан біртіндеп жасара бастайды. Көзінің көру қуаты біртіндеп қалпына келеді, бұлшық еттері де жасара бастайды. Сөйтіп, бұрынғы жасынан екі есе жасарып шыға келеді. Осылайша ғалымдар қартаюды алдыға да артқа да жылжытуға болатынын алғаш рет тәжірибеден өткізеді. Қазіргі зерттеу нәтижесі бойынша бастапқы жасының 50% - 75% -ке дейін жасартуға болатынын анықтады.
Суретте тәжірибе барысындағы қартайған, сосын қайта жасартқан тышқан.
Ғалымдар бұл техниканы жалғасты дамытып болашақта қартайған адамдарды жап-жас қыз, жігіттерге айналдыруға ниетті.
Мақаланың толығын оқығыңыз келсе міне:
https://edition.cnn.com/2023/01/12/health/reversing-aging-scn-wellness/index.html
https://doi.org/10.1016/j.cell.2022.12.027