Адамзаттың шығу тегін анықтаған ғалым Нобел сыйлығын алды.

Адамзаттың шығу тегін анықтаған ғалым Нобел сыйлығын алды.

 Бүгін яғни 03 ақпан 2022, осы жылдың Нобел медицина сыйлығы белгілі болды. Бұл жылы әйгілі сыйлық Германиялық швед генетикі Сванте Паабо (Svante Pääbo) ға бұйырды.

Оған Нобел сыйлығы “Өте ертеде өмір сүрген адамдар геномдарын зерттеп,  адам эволюциясына қатысты ашқан  жаңалықтары үшін”  берілді.

Сванте Паабо (1955 жылы 20 сәуірде туған) — эволюциялық генетика саласының маманы, швед генетикі.

 Макс Планк атындағы эволюциялық антропология институтының генетика департаментінің директоры. Ол сонымен қатар Жапонияның Окинава ғылым және технология институтының профессоры.

 

Адамзаттың  шығу тегі қашанда қызығушылық тудырады. Біз қайдан келдік, бізден бұрынғылармен қандай туысытығымыз бар?

Сванте Паабо өзінің ұзақ жылдық  зерттеулерінің арқасында мүмкін емес болып көрінетін нәрсеге қол жеткізді. Ол жойылып кеткен неандерталь (өте ертедегі адам тектес жануарлар) геномын анықтау арқылы  қазіргі адамдардың олардың туысы екенін анықтады. Ол сондай-ақ Денисова гоминин деп аталатын осыдан миллион жыл бұрын өмір сүрген адамдардың ДНКларын да ашты.  

 

Маңыздысы, Паабо сонымен бірге гендердің 70 000 жыл бұрын Африкадан қоныс аударғаннан кейін жойылып кеткен Гомининдерден (адам мен маймылдардың ортақ ата-бабасы) гомо сапиенске (ақылды адам немесе қазіргі адам)  ауысқанда гендердің трансформациясын  анықтады.

Гомо сапиенс деп отырғаны осындай адам. 

Гендердің трансформациясы деп отырғаны осы. 

Паабоның негізгі зерттеулері мүлдем жаңа ғылыми бағытты ашты. Қазіргі кездегі адамдардың жойылып кеткен ата-бабасымен салыстырғанда гендері қалай өзгеріп кеткенін анықтауға мүмкіндік берді.

Қысқасы адам эволюциясын анықтапты. Яғни миллиондаған жыл бұрынғы топтасын тіршілік ететін, адам мен маймылдың ортақ ата бабасынан бүгінгі адам пайда болған дейді.