Адамзат тарихында алғаш рет Ай топырағында өсімдіктер өсірді.
Адамзат тарихында алғаш рет Ай топырағында өсімдіктер өсірді.
2022 жылдың 12 мамырында Communications Biology журналында жарияланған жаңа зерттеу жұмысында Флорида университетінің ғалымдары (Anna-Lisa Paul, Stephen M. Elardo және Robert Ferl) өсімдіктерді ай топырағында сәтті өсірді. Олар сонымен қатар ай топырағындағы өсімдіктерді генетикалық тұрғыдан да талдады.
Бұл зерттеу Айда немесе болашақта ғарыштық миссиялар кезінде тамақ пен оттегі үшін өсімдіктерді өсіруге бағытталған алғашқы қадам болып табылады.
Ай топырағында өсіп тұрған Арабидопсис өсімдігі
Ғалымдарда бұл тәжірибені жасау үшін бар болғаны 12 грамм — бірнеше шай қасық — ай топырағы болды. Бұл топырақ Айға Аполлон 11, 12 және 17 миссиялары кезінде жиналды. Пол мен Ферл ай топырағымен жұмыс істеу мүмкіндігін алу үшін 11 жыл ішіне NASAға үш рет өтініш берген екен.
Топырақ өте аз болғандықтан Пол мен Фел барынша мұқият болуға тырысты. Кішкентай ай бақшасын өсіру үшін зерттеушілер әдетте жасушаларды өсіру үшін қолданылатын пластикалық пластиналардағы ойық тәрізді құдықтарды пайдаланды. Әрбір құдық шамамен бір грамм ай топырағымен толтырғаннан кейін, ғалымдар топырақты қоректік ерітіндімен ылғалдандырды және арабидопсис өсімдігінің бірнеше тұқымын қосты.
Зерттеуді жасаған ғалымдар Анна-Лиза Пол мен Роберт Ферл
Арабидопсис өсімдік ғылымында кеңінен қолданылады, өйткені оның генетикалық коды толығымен картаға түсірілген. Ай топырағында арабидопсис өсіру зерттеушілерге топырақтың өсімдіктерге қалай әсер ететінін гендік экспрессия деңгейіне дейін түсінуге мүмкіндік берді.
Осылайша ғалымдар тек жерден ғана емес басқа планеталардан да азық үшін өсімдіктер екпек екен.