ХИМИЯНЫҢ 180 ЖЫЛ ШЕШІЛМЕГЕН ПРОБЛЕМАСЫ ШЕШІЛДІ.

ХИМИЯНЫҢ 180 ЖЫЛ ШЕШІЛМЕГЕН ПРОБЛЕМАСЫ ШЕШІЛДІ.

ХИМИЯНЫҢ 180 ЖЫЛ ШЕШІЛМЕГЕН ПРОБЛЕМАСЫ ШЕШІЛДІ.
Натрий этоксид кристалдық құрылымы 180 жылдан соң ашылды.
Натрий этоксид, C2H5ONa, көбінесе органикалық синтезде қолданылатын өте күшті негіз. Органикалық химияның атасы аталған Юстус вон Либих (Justus von Liebig) Натрий этоксидін ең алғаш 1837 жылы алған. Ол туралы ‘Über die Äthertheorie’ (‘On the theory of ether’) атты мақаласында жазған екен. Бірақ олар кристалды түрде ала алмаған. Содан бері 183 жыл өтсе де қазірге дейін бұл заттың кристалды құрылымы ашылмаған.
Тағы да сол Германиялық ғалымдар, Франкфурд университетінің Шмит (Schmidt) бастаған ғалымдары Натрий этоксидін синтездеп, кристалдық құрылымын Рентген сәулелі құрғақ диффраксия (x-ray powder diffraction) әдісі арқылы кристалды құрылымын анықтаған.
Олардың анықтауынша Натрий этоксид кристалдық құрылымы төрт қырлы кеңістік. Бұл құрылымда жазықтық беттер болып, сол жазық бетте натрий ионы төр бұрышында 4 оттегі атомымен байланысады (кординасиялық) екен. Ал оттегі атомы төрт бұрышты пирамидалық құрылыммен 5 көршілес атоммен байланысады. Яғни 4 натрий ионы және пирамиданың басындағы 1 этил тобымен байланысады.
Сөйтіп Натрий етоксидінің құрылымы Қорғасын моноксидінің құрылымына ұқсас болып шығыпты.
Мақаланың толығын:
M Beske, L Tapmeyer and M Schmidt, Chem. Commun., 2020, DOI: 10.1039/c9cc08907a
Суретте жаңа ашылған Натрий етоксидінің кристалдық құрылымы және 1837 жылғы Либихтің мақаласынан үзінді.