РЕСЕЙДІҢ ҚҰПИЯ ЖЕРСЕРІГІ 41 КҮННЕН СОҢ ЖЕРГЕ ҚҰЛАДЫ

РЕСЕЙДІҢ ҚҰПИЯ ЖЕРСЕРІГІ 41 КҮННЕН СОҢ ЖЕРГЕ ҚҰЛАДЫ

РЕСЕЙДІҢ ҚҰПИЯ ЖЕРСЕРІГІ 41 КҮННЕН СОҢ ЖЕРГЕ ҚҰЛАДЫ
2021 жылы 9 қыркүйекте Ресейдің Плесецк космодромынан ұшырылған Союз-2.1в зымыраны Космос-2551 әскери жерсерігін жермаңы орбитаға шығарды. Жерсеріктің қызметі құпия, ол оптикалық барлауға арналған деген болжам бар. Көп ұзамай аппаратпен байланыс орнатылғаны және оның жүйелері қалыпты жұмыс істеп тұрғаны хабарланды.
Алайда жерсеріктерді бақылайтын споттерлер Космос-2551 ешқандай радиосигнал жібермейтінін және маневр жасамайтынын байқап, оның жағдайы мәз емес-ау деп пайымдады. Айтқандай-ақ, кейін аппараттың биіктігі күрт төмендей бастады. Ақыры ол 20 қазанда Солтүстік Америка үстінде атмосфераға еніп, жанып кетті. Бұл оқиға Мичиган штатында түсірілген мына видеоға түсіп қалған.
Сырттай ұқсас болса да, жасанды нысанның атмосфераға енуін метеориттің құлауынан ажырату оңай. Жермаңы орбитадан түсетін аппараттар 8 км/с жылдамдықпен қозғалады, бұл метеориттікінен әлдеқайда аз. Сондықтан жерсеріктің өртенуі ұзақ бақыланады, және ол біртіндеп көптеген ұсақ бөлшектерге ыдырайды.