Құсадан көз жұмған әйгілі ғалым.
Құсадан көз жұмған әйгілі ғалым.
Гилберт Нютон Люс (Gilbert Newton Lewis) 1875 – 1946 арасында өмір сүрген Американың әйгілі ғалымы, осы заманғы химияға көп үлес қосқан әйгілі ғалым. Химияға көптеген өз атында да, басқа атпен де теория қалдырған.
Мысалы:
Ковалетнттік байланыс;
Люс қышқыл негіз електронды теориясы;
Молекулалардың Люс нүктелі құрысысы;
Және де химиядағы ең үлкен жетістігінің бірі Ауыр суды (дейтрленген су) ең алғаш рет таза күйінде бөліп алған да осы Люс еді. Кейін бұл кісінің әдісімен алынған ауыр су талай Атом бомбасын жасауға жұмсалды.
Дегенмен тірі күнінде еңбегі мүлде бағаланбаған ғалымның бірі осы кісі екен.
Гилберт Люс 41 рет Нобел сыйлығына ұсынылған екен, бірақ соның біреуінде де Нобел сыйлығы берілмеген екен. Соншалықты еңбегі бола тұра, және химияның негізін салушы ғалымдардың бірі болса да 41 рет Нобел сыйлығына ұсынылып бір рет те Нобел сыйлығын алмағаны үшін кейін елдер бұл кісінің барлық еңбектері Нобел сыйлығына қарама-қарсы деп кеткен екен адамдар.
Химиядан сонша көп жаңалық ашқан ғалымда әрине шәкірттері де көп болады ғой. Бір қызығы бұл кісіден тәлім алған көптеген шәкірттері Нобел сыйлығын алған. Мысалы Харолд Урей (Harold Urey, 1934 Нобел сыйлығы), Виллиам Гиаук (William F. Giauque, 1949 Нобел сыйлығы), Глен Сиборг (Glenn T. Seaborg, 1951 Нобел сыйлығы), Виллард Либи (Willard Libby, 1960 Нобел сыйлығы), Малвин Калвин (Melvin Calvin, 1961 Нобел сыйлығы).
1946 жылы бір студент әйгілі ғалым Люстің өлі денесін оның лабораториясынан тауып алады. Ол сол күні сутек сианиді мен жұмыс жасаған екен. Сутек сианиді өте улы зат, алғашында елдің бәрі бұл ғалымның өлімін сол сутек сианидне уланып өлді деп тұжырымдаған. Кейін сараптама нәтижесінде ешқандай да сутек сианиді қанынан табылмаған.
Кейін белгілі болғандай бұл ғалым сол күні тағы бір әйгілі ғалым Ленгмюр (Irving Langmuir) мен сөзге келіп қалған екен. Бұл екі ғалым бір жерде жұмыс жасағанымен бірін бірі мүлде жек көретін адамдар екен. Кезінде Люс химиялық байланыс теориясын ашқанда осы Ленгмюр онда қателік бар деп, Люс теориясының кеңейтілген түрі деп Люстың жынына тиіп басқа бір теория ұсынған екен (бірақ неге екені белгісіз қазір Ленгмюрдің ол теориясы еш жерде кездеспейді). Ленгмюр ол беттік химия мен танылған ғалым және 1932 жылы химиядан Нобел сыйлығын алған. Ал Люс 41 рет ұсынылса да Нобел сыйлығы берілмеген. Дәл сол күні яғни Ленгмюр мен ұрсысып қалған соң бірден өте жаман көңіл күймен лабораториясына келгенін басқа жолдастары көрген екен. Арадан бір сағат өткен соң әйгілі ғалым құсадан жан үзген екен.