Әйгілі паркті ғалымдар қалай аман сақтап қалды.
1872 жылы АҚШта әйгілі Сарытас Ұлттық Паркі (Yellowstone National Park) құрылады.
Паркте аңдар, өсімдіктер мен құстардың алуан түрі болады. Парк қожайындары аңдардың санын арттырып, паркке келушілердің қызығушылығын арттырмақшы болады. Сөйтіп келушілерден көп ақша таппақшы болалы.
Сонымен 1872 жылдан бастап, 1926 жылға дейін паркте жыртқыш аңдарды аулауға руқсат береді. 50 жылға жуық уақытта жыртқыш аңдардан түк қалмайды. 1926 жылы ең соңғы қасқыр ауланады.
Сосын не болды?
Жыртқыш аңдар жоқ болғандықтан жануарлар саны еселеп артады. Әсіресе жабайы бұғының саны тым көбейіп кетеді. Бұғы деген жануар шөпті қоймайтын жарықтық екен. Шөппен қоса ағаштарды да кеміріп тастайды. Сөйтіп, гүл ашатын ағаш, шөп болмағандықтан құрт, қоңыз сияқты жәндіктердің тұқымы құрыйды. Құрт, жәндік болмағандықтан құстар жойылады. Жер бетінде шөптер қалмағандықтан көптеп жер көшкін орын алады. Жер көшкінінің себебінен сулар тартылып, ластана бастайды. Содан паркте ауру тарайды. Қысқасы парк құруға бет алады.
Бұны зерттеуге ғалымдардан көмек сұрайды.
Қасқырларды зерттеуші әйгілі ғалым Адолф Мури (Adolph Murie) 1940 жылғы бір зерттеу еңбегінде жақын арада бұл паркке қасқырларды жібермесе парктың құрып кететінін айтқан болатын. Бірақ ол кезде бұл кісінің ұсынысы қабыл алынбпған.
Кейін тағы да көптеген АҚШ және Канадалық әйгілі биолог ғалымдар паркке қасқыр жіберу керек деген ұсыныс айтады.
Сонымен 1995 жылы ғана паркке 14 қасқыр жіберіледі, және қасқыр аулауды тоқтатады. Қасқырлар пайда болуымен бұғылар саны азая бастайды. Бұғылардың азаюы өсімдіктердің артуына алып келеді, гүл ашатын өсімдіктер артқан соң паркте құрт-қоңыздар саны да артады. Құрт-қоңыздың саны артқан соң, құстар саны артады. Шөп, ағаштардың қалпына келуімен жердің көшуі тоқтайды, өзендер өздігінен тазара бастайды. Парк табиғи қалпына қайта келіп, қайта құлпырады.
Сонымен, аумағы Катар сияқты кішігірім мемлекеттің аумағындай болған, әлемдегі ең үлкен парктердің бірін биолог ғалымдар қасқырларды жіберу арқылы сақтап қалған еді.