Қазір жасанды ет жасайтын компаниялар арасында бәсеке болып кеткен. Олардың ішіндегі ең үлкен және ең танымалы АҚШ ның ИМПОССИБЛ (Impossible) және БИОНД (Beyond) деп аталатын екі жасанды ет жасайтын компания.
Бұлар тек осы жылы (2019) басында пайда болған болсада қазірге дейін табысы 2 миллиард доллар болып үлгеріпті.
Бұл компаниялардың өнімдері қазір әлемнің барлық еліне таралып жатыр екен. Бұл компаниялардың жоспары бойынша 2040 жылға дейін әлемнің ет базарының 60%-ын иелейміз деп отыр.
Дегенмен бұл компаниялардың өнімдері АҚШ да жақсы өтпейтін сияқты. Себебі АҚШ халқының 93% табиғи ет сатып алады екен. Сондықтан да басқа әлем базарын иелемек екен.
Бұлардың айтуы бойынша жасанды ет табиғи етке өте ұқсас болып оларды ажырату мүмкін емес. Дәмі де табиғи етпен бірдей екен. Бірақ бір белгісі бұл жасанды еттер ұсақ болғандықтан тек Бургерлерде ғана қолданылады.
Бұл жасанды еттердің құрамын ашық жазған екен.
Импоссибыл (Impossible) етінің құрамы:
Су, Соя ақуыздары, Какао майы, Күнбағыс майы, Табиғи дәмбергіштер, 2% немесе одан аз бөлігі: Картоп ақуыздары, Метилселлюлоза, Ашытқы сығындысы, Өндірілген декстроза, Өңделген тағамдық крахмал, Соя легемоглобин, Тұз, Токоферол (Витамин Е) қоспасы, Тиамин гидрохлориді (Витамин В1), Ниасин, Пиридоксин гидрохлориді (Витамин В2), Витамин В12.
Биуонд (Beyond) етінің құрамы: Су, Бұршақ протин сығындысы, Канола майы, тазартылған какао майы, 2% немесе одан аз бөлігі: Бамбук селлюлозасы, Метилселлюлоза, Картоп крахмалы, Табиғи дәмбергіштер, Малтодекстрин, Ашытқы сығындысы, Тұз, Күнбағыс майы, Өсімдік глисерині, кептірілген ашытқы, Арабика сағызы, Ситркс екстраты (сапасын сақтау үшін), Ет сығынды бояуы (түс беру үшін), Сірге қышқылы, Суксин қышқылы, Өңделген тағамдық крахмал, Аннатто бояуы.
Төменгі суреттерде осы екі жасанды еттерден жасалған Бургерлер.