АҚШ мемлекеті резеңке өндірісін кеңейтпек. Бірақ бізге өте қатысты жері бар.

АҚШ мемлекеті резеңке өндірісін кеңейтпек. Бірақ бізге өте қатысты жері бар.

АҚШ мемлекеті резеңке өндірісін кеңейтпек. Бірақ бізге өте қатысты жері бар.

 

Қалай дейсіздер ғой. Мәселе былай резеңке, машина дөңгелектері Оңтүстік-Шығыс Азиядағы табиғи каучуктан алынады. Жақынғы жылдары ол жақта өнетін, каучук беретін ағаштардың бәрі ауруға ұшырап, өнім беру көлемі қатты азайып кеткен.

 

Дәл осы табиғи каучукқа деген импорттық тәуелділікті азайту үшін АҚШ-тың ғылыми сайттары мына бір ғылыми мақаладағы әдісті ұсынып отыр.

Бұл мақала Огайо мемлекеттік университетінің (The Ohio State University) профессоры, ғалым Катрина Корниш (Katrina Cornish) ұсынған жаңа әдіс АҚШ ғылыми сайттарында кең талқыға түсіпті.

Бұл зерттеуде Катрина Корниш бастаған ғалымдар қазақ даласында өсетін көк-сағыздан (Taraxacum kok-saghyz) сапалы, әрі көп мөлшерде каучук алудың жолын көрсеткен. Тағы бір қызық жері көк-сағыз ағылшын тіліне kok-saghyz болып аударылыпты. Міне бір қазақша атау халықаралық терминде жүр деген сөз.

Бұл көк-сағыздан алынған каучук тектес заттан тек машина дөңгелегі емес, одан басқа шамамен 50 000 өнімде қолданылады екен. Сол үшін АҚШ-та көк-сағызды көптеп өсіру қолға алынбақ.

 Тағы бір өте қуантатын жағдай дәл осы жоғарыдағы зерттеуде менің досым жас ғалым Мейрамбек ( Meirambek Mutalkhanov) те бар екен. Мейрамбек Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің докторанты.

Мақаланың ағылшын тіліндегі толық нұсқасын осы жерден көруге болады. 

https://www.sciencedirect.com/science/article/abs/pii/S0926669023014632

Осындай жас ғалымдарымыз бас болып, болашақта көк-сағыз өсімдігін өсіруді арттырып, елімізде де машина дөңгелегі бастаған, басқа пластик материалдар қостаған көптеген өнімдер өндірілсе деп тілейміз. Бізге қатысты жері осы.