Жәй ғана қызығушылықпен бөтелкеге егілген өсімдік бұл күнде өте үлкен зерттеуге арқау болған.
1960 жылы Дауид Латимер есімді бұл кісі бір үлкен бөтелкеге өсімдіктің тұқымын егіп, 150 мл ғана су құйып, сосын бөтелкенің ауызын ауа кірмейтіндей етіп тығыз жауып тастапты.
Содан ол кісі тек 1972 жылы ғана бөтелкенің ауызын ашып, кішкене ғана су құйып қайта тығыз жауып тастапты. Бөтелкені күн нұры түсетін орынға қойған. Содан бері бөтелкенің аузын ашпаған екен.
60 жылдан астам уақыт өзін өзі қамдаған, өте керемет тепетеңдік күй сақталған, шағын экожүйесі болып өсімдік өсіп тұр екен.
Өсімдік бөліп шығарған оттегі кейбір әлсіз жапырақтарды шірітеді екен. Шіру барысында ондағы бактерия оттегі мен өсімдіктерді пайдаланып көмір қышқыл газын бөліп шығарады екен. Одан шыққан көмір қышқыл газі арқылы өсімдік қоректенеді. Көмір қышқыл газын жұтқан өсімдік қайта оттегін бөліп шығарады. Осылай тізбек айналып жүре береді.
1960 жылы жәй ғана қызығушылықпен егілген бұл өсімдік бұл күнде өте үлкен зерттеуге арқау болған екен. Яғни NASA-ның болашақта ғарышқа егін егу арманын жүзеге асыруға дайын зерттеу нәтижесі болып шыға келіпті.
NASA әрине тегін алмайды ғой. Сөйтіп өз қызығушылығымен әншейін егіп қойған бұл өсімдік, 60 жылдан соң бұл қарияға өте үлкен ақша алып келген екен. Ғылымның қызықтары деген осы ғой.