Адам миы жобасы сәтті жасалды
Адам миы жобасы
Европа одағы 600 миллион евро, 10 жыл уақыт жұмсап ақыры адам миының толық құрылымын компьютерде құрастырып шықты.
Бұл не береді?
Осыған дейін адам миы өте күрделі орган саналып келген. Адамның адам болуы миымен тіке қатысты. Ақыл-есі, сөйлеуі, есте сақтау қабілеті, тік тұрып жүруі қысқасы бәрі мимен тіке қатысты.
Бірақ ми өте күрделі, миллиондаған нейрондардан тұратындықтан науқастың ненің себебінен аурып жатқанын табу мүмкін емес болған.
Ал қазір европа одағы 600 миллион евро жұмсап, 500 ғалымның басын қосып, супер компьютердің көмегімен мидың толық құрылысын жасап шығыпты.
Енді бұл ми тек компьютерлік программа болғандықтан әртүрлі нейрондарын үзіп немесе жалғап, тіпті мидың басқа бір жерін зақымдап көріп оның әсерін көру арқылы адамның мидың қай жерінен зардап шегіп жатқанын табу оңай болады.
Адам миының цифрлық құралымының бір бөлімі. Әртүрлі нейрон талшықтары жалғасуынан жасалған.
Бұл не береді?
Ми туралы түсінігімізді ілгерілету:
Адам миының құрылымы мен қызметінің құпияларын ашып, оның қалай жұмыс істейтіні туралы терең түсінікке әкеледі. Ақылды адам мен ақылсыз адамның айырмашылығын білуге көмектеседі.
Денсаулық сақтау және медицина саласын зор қарқынмен дамыта алады:
Миды жақсырақ түсіну неврологиялық және психиатриялық бұзылуларды емдеуде және алдын алуға болады. Бұл Альцгеймер ауруы, Паркинсон ауруы және депрессия сияқты жағдайлардан зардап шегетін миллиондаған адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуы мүмкін.
Технологиялық инновациялар:
Медицинадан тыс жасанды интеллект және робототехникада озық ойлы роботтар жасауға көмектесе алады.
Мидың самай бөліміндегі нейрондардың цифрлық құрылымы.