Ғылыми жаңалық: терезе әйнегінен пайдаланып энергия алудың жаңа әдісі пайда болды.
Бұрын үйдің төбесіне күн пеналдарын қойып, сол арқылы электр энергиясын өндіру мен таныс болатынбыз. Енді тіпті терезе әйнегінен де пайдаланып энергия өндірудің жаңа әдісін ойлап тапты ғалымдар.
Оңтүстік Корея ғалымдары екі айдың алдында әлемге әйгілі NATURE журналына шығарған мақаласында мөлдір әйнектен пайдаланып күннен энергия алудың жаңа әдісін ұсыныпты.
Байқаған болсаңыздар күннен энергия алатын күн пеналдарының әйнегі мөлдір емес, жарық өткізбейді.
Егерде сол күн пеналдарының әйнегін мөлдір қылып, жарық өткізетіндей жасауға болатын болса ол кәдімгі әйнектің орнына қолданып, сонымен бірге энергияда өндіретін еді. Ғалымдар бұны ерте ойлаған болсада ондай әйнекті жасау мүмкін болмай келген.
Әдеттегі күн пеналдарының жұмыс істеу жолы мынадай болады: негізгі материал кремний оны кәдімгі құмнан алады. Құм деген жерде жетіп жатыр. құмнан алынған кремний материалын екіге бөліп бір бөлігіне Фосфор қосып, тағы бір бөлігіне Бор қосып өңдейді. Фосфор да 5 электрон болғандықтан кремний мен байланысқанда 1 электрон артылып қалады, ал Бор мен байланысқанда Борда 3 электрон болғандықтан байланысқа 1 электрон жетпей қалады яғни бостық қалады. Күн сәулесі осы кремний тақтаға түскенде Фосфор мен байланысқан жақтағы артық 1 электрон энергияға ие болады да Бор жақтағы бостыққа қарай жылжиды. Осылай электрондардың қозғалысынан электр тоғы пайда болды.
Ал көбірек энергия алу үшін көбірек күн сәулесі түсіп тұруы керек. Әдетте мөлдір материалдар күн сәулесін не шашыратады немесе толығымен өткізіп жібереді. Бұндайда энергия өте аз мөлшерде өндіріледі. Сондықтан түскен күннің сәулесін көбірек ұстап қалу үшін түсті (қара немесе көк) материалдар әйнек бетіне жағылады. Ондай бояу жағылған әйнек әрине жарық өткізбейді яғни терезе жасауға ыңғайсыз.
Оңтүстік Кореяның Улсан Ұлттық Ғылыми Технологиялық Институтының (Ulsan National Institute of Science and Technology) ғалымдары Kyoung Jin Choi бастаған ғалымдар силикон микро-талшықтарын (silicon microfiber) полимерлік матрисияға отырғызып, мөлдір және жарық өткізетін әйнек алған. Нәтижесінде ол әйнектің жарық өткізгіштігі 10% тен 50%ке артқан. Демек кәдімгі әйнек ретінде қолдануға болады.
Ғалымдардың айтуы бойынша егер әйнек ғимараттар және үй терезелері осындай әйнектен жасалатын болса, онда электр энергиясын еш шығынсыз ақ артығымен өндіріп алуға болады екен.
Демек терезеге күн түсіп тұрса болды үйде ток бар деген сөз.