Болаттан берік ағаш жасалды

Болаттан берік ағаш жасалды
Болаттан берік ағаш жасалды
Болаттан берік ағаш жасалды
Американың Мариләнд Университетінің (University of Maryland) ғалымдары профессор Лиаң биң Ху (Liangbing Hu) және Тың Ли (Teng Li) бастаған ғалымдар болаттан да берік ағаш жасап шықты.
Ағаш болғанда ағаш жасаған жоқ. Ағашты өңдеді.
Ағаштың сыртқы бөлігі селлюлоза және хеми селлюлоза деген заттан турды. Ағашқа қаттылық беретін осы бөлігі. Селлюлоза және хеми селлюлоза деген молекулалық құрылымы өте үлкен, өте ұзын заттар.
Бұл ғалымдар осы селлюлоза мен хеми селлюлоза молекулаларын бөлшектеп қысартқан. Сосын, қайта біріктірген. Нәтижесінде, молекулалар арасындағы бостық кішірейіп, ағаш өте қатты болып шыққан.
Бұл ағаш әуелгі табиғи ағаштан 23 есе берік болып, тіпті оқ өткізбейтін болып шыққан. Тіпті, болаттан 3 есе берік болған. Сондықтан бұл өңделген ағаштан балта, пышақ жасау өте тиімі, ол темір құралдан әлде қайда өткір болып шығады дейді, - ғалымдар.
Бұндай ағашты жасау жолы да өте қарапайым екен. Алдымен натрий гидроксиді мен натрий сулфитінің қоспасына ағашты қайнатады екен. Сосын 100℃ та қайта престей саласың дейді.
Ағаш өзі жеңіл әрі бағасы темірден арзан болғандықтан бұл зерттеудің практикалық маңызы зор екен.