Әлемдегі ең қымбат кітап сатылымға шықты

Әлемдегі ең қымбат кітап сатылымға шықты

Әлемдегі ең қымбат кітап сатылымға шықты

 

Әлемдегі қымбат бағалы заттарды сататын Sotheby's  компаниясы осы жылдың мамыр айында әлемдегі ең құнды кітаптардың бірін сатылымға шығармақшы.

Бұл кітап 9-10 ғасырларда жазылған, жазылғанына шамамен 1100 жыл болған, еврей тіліндегі Сассун кодексі (Codex Sassoon) деп аталатын киелі Інжіл кітабы.

Бұл кітап жалпы 396 беттен турады. Осы кезге дейінгі табылған ертедегі Інжілдің ең толық нұсқасы болып табылады. 

Сассун кодексі деген Інжіл кітабы осы. 

Бұл кітап бағасы бәс сауда да 50 миллион долларға дейін шығуы мүмкін деп жоспарланып отыр. Бұл кітапты тауып, жинақтаған Дәуід Сүлеймен Сасун (David Solomon Sasson) деген 18-ші ғасырда ең бай өткен отбасы. Төмендегі суретте сол Дәуід Сүлеймен Сасунның өзі. 

Бұған дейінгі ең қымбат кітап құны 43 миллион доллар болған еді. Ол болса АҚШ-тың алғашқы конституция кітабы.  Тек 13 данамен ғана шыққан АҚШ-тың алғашқы заңдар жинағының бір данасын миллиардер Кен Гриффин (Ken Griffin) 2019 жылы 43.2 миллион долларға сатып алған болатын.

Кен Гриффин деген осы кісі. 

Оған дейін миллиардер Бил Гейтс 1994 жылы “Лестер кодексі” (Codex Leicester) деп аталатын Леонардо да Винчидің ғылыми еңбектерінің жинағы 30 миллион долларға сатып алған еді.

Бұл суреттерде Леонардо да Винчидің ғылыми еңбектерінің суреттері.