Менделеев Нобел Химия Сыйлығына 3 рет ұсынылған.
Орыс ғылым академиясы Менделеевті Нобел Химия Сыйлығына 1905, 1906, 1907 жылдары 3 рет қатарынан ұсынылған
екен. Бірақ 3 ретте де ала алмаған.
1905 жылы 8 кандидат қатысқан. Менделеев 3 дауыс жинап ұтылып қалған. Ол жолы негізі бәсеке Adolf von Baeyer мен Henri Moissan арасында болған екеуі 10 және 11 дауыс жинап, соңында неміс химигі Adolf von Baeyer ке берілген.
Adolf von Baeyer
Adolf von Baeyer органикалық химияда, әсіресе сиклді қосылыстарда өте көп еңбек сіңірген ғалым. Бұл кісінің ұсынған сиклді қосылыстардың атын ЮПАК әлі күнге дейін қолданады. Оның сыртында бұл кісі көптеген бояу заттарды, оның ішінде химиктердің ең сүйікті заттарының бірі, қышқыл-негіз ді анықтауда қолданылатын Фенолфталейн ді де осы Adolf von Baeyer синтездеген.
Ал Henri Moissan көптеген ғалымдардың өліміне себепші болған Фтор ды ашқан ғалым.
1906 жылы 6 кандидат бәсекеге түсіп Менделеев 4 дауыс жиған. Бірақ 1906 жылғы Нобел Химия Сыйлығы еш талассыз Франсуз химигі Henri Moissan ға берілген.
Henri Moissan
1907 жылы кандидат көбейіп 22 кандидат нобел сыйлығы үшін бәсекеге түскен. Бұл жолы Менделеев 1 дауыс алыпты. 1907 жылғы Нобел Химия Сыйлығын неміс биохимигі Eduard Buchner ге ферменттік реаксияларды ашқаны үшін берілді.
Eduard Buchner
Өстіп, марқұм Менделеев өмірінің соңғы 3 жылында 3 рет нобел сыйлығына ұсынылып 3 ретте де ала алмаған екен.