Бір өзі атақты үш жаңалық ашқан, оның ашқан жаңалықтары өзімен қоса миллиондаған адамдардың өліміне себепші болды (I).
Бір өзі атақты үш жаңалық ашқан, оның ашқан жаңалығы өзімен қоса миллиондаған адамдардың өліміне себепші болды. Тек ол емес, оның жаңалығы әлемдегі адамдардың ақыл ойын азайтып, қылмыс жасау деңгейін көбейтіп кетті. Онымен қоймай, қазірге дейін бүкіл әлем қатты зардап шегіп отырған мүлде екі бөлек экологиялық апат алып келді.
1944 жылы Клейр Паттерсон (Clair Patterson) химия саласы бойынша енді ғана жаңадан дипломын ала салып, Манхаттан жобасына жұмысқа тұрады. Оның ол жердегі міндеті атом бомбасын жасауға қажетті Уран-235 ті байыту болды. Ол бұл жұмыста Масспектроскопиялық әдіс арқылы Уран-238 – ден Уран-235 ті бөліп алды.
Соғыс аяқталған соң Паттерсон университетке барып докторантураға қайта оқуға түседі. Оның масспектроскопияны жақсы білгені үшін оған Жер шарының жасын өлшеу тапсырмасы беріледі. Радиоактивті тастар бейне сағат сияқты, олардың ыдырап жаңа бір элемент шығуға кететін уақытты есептеуге болады. Мысалы төмендегі суреттегідей Уран-238 – дің қорғасынға дейін жартысының ыдырап болуға кететін уақыты 4.5 миллиард жыл болады.
Осылайша Паттеерсон табиғи Уран-238 – дің қорғасынға дейінгі ыдырау уақыты арқылы жер шарының жасын есептемек болады. Ол үшін оған құрамында аз ғана Ураны бар, бірақ мүлдем Қорғасыны жоқ Цирконий деген тасты анықтау керек болады. Яғни ол Цирконийдің ішінде Қорғасын болса ол тек ғана Уранның ыдырауынан келді деген сөз. Осылайша жердің жасын оңай анықтауға болатын еді. Ал Паттерсонның жанындағы Тилтон деген тағы бір студент Цирконий құрамындағы Уран мөлшерін анықтамақ болады. Тилтон бәрін оңай жасап шығады. Бірақ Паттерсон үшін Цирконийдің құрамындағы қорғасынды анықтау олай оңай болмайды. Ондағы қорғасын мөлшері межеден бірнеше жүз есе көп болып шығады. Әңгіме осыдан басталады. Бұнша көп қорғасын ол тастың ішіне қалай кіріп кеткен?
Жоғарыдағы уақиғаға себепші болған мына уақиғаны бастайық.
1908 жылы Мичиганда бір әйел машинамен кетіп бара жатқанда машинасы аяқ астынан өшіп қалады. Қасынан өтіп бара жатқан бір ер адам оған көмектесіп машинасын оталдырып бермекші болады. Ол кезде машиналарды қолмен айналдырып оталдыратын. Ол кісі машинаны қатты оталдыру үшін күшеніп айналдырып жатқанда машина оталдыратын темір кері айналып кетіп оның жағын сындырып кетеді. Ол сол жерде қаза болады. Бұл кісі жәй кісі емес, үлкен машина жасайтын компаниясы бар Байрон Картер болатын. Байрон Картер атақты Кадиллак машина жасау компаниясының директоры Хенри Лилан (Henri Leland) дың жақын досы еді.
Хенри Лилан Байрон Картердың өліміне қатты қайғырады да қалайда қолмен оталдыратын машинаны өзгерту ойына келеді. Сөйтіп ол Чарлиз Кеттериң (Charles Kettering) деген ғалымды жұмысқа алып қолмен айналдырып емес өздігінен оталатын машина моторын ойлап табуды тапсырады. Чарлиз Кеттериң көп ойланып жүріп ақыры 1919 жылы қолмен қиналып жүрмей ақ өкшемен бір бассаң оталатын мотор ойлап табады.
Чарлиз Катериң және ең алғашқы өзі оталатын машина
Осылайша Хенри Лиландың компаниясы әлемде алғаш болып қолмен айналдырып машина оталдыратын дәуірге нүкте қояды. Өкшемен бір басып оталдыратын Кадиллактың жаңа түрін шығарады. Бұл Кадиллак машиналары сол кезде өте керемет болады. Сағатына тіпті 70 км жылдамдықпен жүре алатын, 45 ат күшіндік қуаты да бар еді. Бұл жаңа типтегі машиналардың сатылымы да қатты жоғары болады. Компания табысы екі есе артады. Тек жалғыз ғана айыбы, машинаның дауысы қатты шығатын еді.
Мотордың ең негізгі бөлігі, жанармай жануға арналған цилиндрлер. Ана түрлі түсті болып тұрған сол жанармайды газ өте ұсақ сияқты қылып өте бүркіп береді.
Машина моторы әдетте жанармайды ауамен қосып газ сияқты қоспа қылып цилиндрдің ішіне бүркіп беріп, сол газ сияқты жанармай мен ауа қоспасын цилиндрдің ішінде жоғары қарай қысады. Сығылған газ қоспасы оттықтан шыққан от ұшқыны арқылы қатты жанып (қопарылыс жасап) пистонды төмен қарай итереді. Сосын цилиндрдің ішіне қайта жанармай мен ауа қоспасы толып қайта пистонды жоғары қарай сығады, ол оттыққа барып от алып қайта төмен түседі. Осылайша машина моторы үздіксіз айналып тұрады.
Ал Хенри Лиландың жаңа машиналарының дауысының қатты шығу себебі: бензиннің мотор цилиндрінің ішінде оттыққа жетуден бұрын қысымға шыдамай жарылуынан болатыны анықталды. Яғни оттыққа жете бере жанармай жарылғанда бір сілкініс бір қатты дауыс, сосын оттыққа жетіп толық жарылғанда (жанғанда) ағы бір сілкініс, тағы бір қосымша дауыс. Яғни бұл тарсылдаған қосымша дауыстарды көбейтеді, сонымен бірге машина жүргенде қатты сілкініс тудырады.
Жанармайдың цилиндрдің ішінде екі түрлі жарылуы (жануы) төмендегі суретте көрсетілген.
Мысалы үшін берілген бір тал цилиндр. Осылай тек үстінгі жақтағы оттық арқылы от алу керек, сығылған жанармай.
Оттыққа жетпей тұрып жанармай от алып (жанып) кеткен. Қысқасы сапасыз жанармай.
Бұрын адамдар машинаның ішінде шайқалып отыратыны осы сілкіністің әсерінен.
Ал Хенри Лиланд болса осы қатты дауыс бен сілкіністі өз Кадиллак машинасынан жойғысы келеді.
Хенри Лиландің бағына жарай ғалымдар бұл проблеманы жанармайды ауыстыру арқылы шешуге болатынын айтады. Ғалымдар бензин құрамындағы ең әлсіз қосылыс Гептанды моторға сынақ қылып көргенде ол қысымға (сығуға) төзімсіз, өте тез жарылып кететінін байқады. Яғни гептан өте қатты дауыс шығарады, және машинаны қатты шайқайды деген сөз. Ал изо октанды сынақ қылып көріп еді, изооктан қысымға өте төзімді, тек оттыққа жеткенде ғана жарылатынын сондықтан машинаны шайқамай тегіс жүргізе алатынын байқады. Әрине бензин тек бұл екі заттан тұрмайды. Онда мыңдаған қоспа болады. Және де тек изооктанды ғана жанармай ретінде пайдалану мүлде мүмкін емес, оның бағасы аспандап кетеді. Сондықтан ғалымдар бензинге жаңа өлшем кіргізді яғни 100% гептан сияқты өте нашар жанады немесе 100% изооктан сияқты өте керемет жанады деген. Және де осы гептан мен изооктанды әртүрлі мөлшерде қосып арнайы шкала жасады. Яғни 80% изооктан мен 20% гептанның қоспасы сияқты жанады, немесе 90% изооктан мен 10% гептанның қоспасы сияқты жанады, немесе 95% изооктан мен 5% гептанның қоспасы сияқты, немесе 98% изооктан мен 2% гептанның қоспасы сияқты жанады деген сияқты. Бұл жаңа өлшем Октан Саны болып жаңа термин ретінде пайда болды содан бастап. Яғни 90% изооктан мен 10% гептанның қоспасы сияқты дегенде Октан саны 90 деп атады. Ал жанар май бекеттеріндегі АИ-90 деп тұрған белгі осы октан санын білдіреді.
Жалғасын келесі реткі посттан оқи аласыздар....